Селт еткізер
Наурыз мейрамын үлкен-кіші, бәрі бірдей асыға күткен. Әсіресе жастар жағы мерекеде бас қосып, көңіл көтеруді әдетке айналдырған. Үлкендер көже дайындап, қонаққа барып, бір-бірін құттықтап жатқанда қыз-жігіттер де жылдың келгенін білдіріп түрлі ойындар ойнап, рәсімдер жасаған. Қазақ жастары үшін наурызды тойлау аса абыройлы әрі қуанышты іс. Жаңа танысып, көңіл жарастырып жүрген жұптар үшін Наурыз тойы бір-бірін …