Павлодар қаласында волейболдан ерлер командалары арасында ел біріншілігінің плей-офф ойындары өтуде. Жартылай финалда сүрінген жергілікті “Есіл” клубы үшінші орын үшін таласады.
Жартылай финалда жерлестеріміз алаң қожайындары “Павлодар” командасымен екі мәрте ойнап, қос ойында да 3:1 есебімен жеңілді. Енді солтүстікқазақстандық “Есіл” клубы “Атыраумен” қоланы сарапқа салады. Үшінші орын үшін алғашқы ойын наурыздың 29-ы күні өтеді деп жоспарланған.
Ал финалда “Павлодар” мен “Тараз” командалары кездеседі.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.