Қазақ халқы – ежелден қариясын қазынаға балаған ел. Сондықтан істің алға басуы үшін үлкеннен бата алуды дәстүрге айналдырған. Көнеден келе жатқан дәстүр бүгінгі күні де маңыздылығын жойған жоқ.
Қаланың бір топ ақсақалы мен зиялы қауым өкілдері өндіріс ошақтарын аралады. Өңір басшылығының мұрындық болуымен өткізілген шараның мақсаты – ардагерлерді облыстың экономикалық әлеуетімен таныстырып, үлкендерден бата алу.
Алдымен жиналғандар “Береке” шағынауданындағы 300 орынға шақталған коррекциялық мектеп-интернатының, тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасы зауытының құрылысымен танысты. Кейін құрғақ құрылыс материалдарын шығаратын “Mix Universal” ЖШС, облыстағы ең үлкен жылыжай кешені мен Петропавл трактор зауытына барды. Өңір ардагерлері атқарылып жатқан жұмысқа оң бағасын берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.