«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еріктілердің қызметі ерен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында “Ерік­ті­лік – елді сүю” тақы­рыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Шарада жас­тар арасындағы еріктілер қозғалысын дамыту, ұйым­дар­ға қолдау көрсету, мем­лекеттік демеу шаралары туралы айтылды.

Жиынға қатысқан Қазақстан ха­лық партиясының өңірдегі филиа­лы төрағасының орынбасары Бо­лат Қожахметовтің сөзінше, өңір­де еріктілер қозғалысы кең етек алу үшін жастар ұйымдарының басын бір арнаға тоғыстыру керек.

– Біз тек саяси, экономикалық реформаларға ғана емес, қоғам­дық сананы жаңғыртуға, құнды­лықтар қалыптастыруға да мән беруіміз керек. Мұның бір жолы еріктілер қозғалысын дамытумен сабақтасады. Адамдардың бір-біріне ешқандай есепсіз, шын ние­тімен көмектескені маңызды. Осылайша жастардың бойында жауапкершілік, еңбексүйгіштік қа­сиеттер қалыптасады. Өңірде қарттарға көмектесетін, жоғалған­дарды іздейтін, тағы басқа бағыт­тарда жұмыс істейтін ұйымдар көп. Бүгін осы ұйымдардың бәрінің басын қосып, ортақ мақсат жолында күш қосуды талқылау үшін жиналдық, – деді Болат Қожахметов.

Облыс орталығында 6 еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Жиынға қатысқан ұйым өкілдері өз­дерінің жұмыстары жөнінде ай­тып, жастардың белсенділігін арт­тыру жолдарын талқылады. Қайы­рымдылық шараларымен қатар білім беру бағытындағы еріктілікті дамыту жайы да сөз болды.

– Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясы жанындағы жастар қа­натының 50-ге жуық мүшесі бар. Олармен бірлесіп жоспар құрып, түрлі шаралар өткіземіз. Қыс ішін­де 10 зейнеткердің ауласынан қар шығардық. Ұстазымыз, ата-анамыз қоршаған ортаңды аяла, үл­кендерге көмектес деп үнемі айтатын. Маған адамдарға қол ұшын созған ұнайды. Сондықтан да ұйымға же­текшілік етіп, түрлі игі істерге атса­лысып келемін, – деді ұйым тө­райымы Дариға Смаилова.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp