«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІ АРДАҚТАҒАН АҚСАҚАЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері Жақсылық Ғабдоллаұлы Ысқақов 92 жасқа толды. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев ақсақалдың үйінде болып, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің атынан құттықтау хатын табыс етті. Қарияны туған күнімен құттықтай отыра, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен отбасылық береке тіледі.

Жақсылық Ғабдоллаұлының еңбек жолы еліміз бен өңіріміздің тарихымен үндесіп жатыр. Қазақстанның дамуы үшін аянбай еңбек етіп, мемлекеттігіміздің нығаюына бар күш-жігерін жұмсаған жанның бірі. Жақсылық Ысқақов ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне атсалысып, партия органдарында, мемлекеттік қызметте өзін білікті және білімді басшы ретінде көрсетті. Құрметті демалыста болса да, облыстық ардагерлер кеңесінің жұмысына және өңірдің қоғамдық өміріне белсене араласады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp