ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басу қаупі бар аймақтарды тікұшақпен бақылады.  

Су тасқыны болу қаупі басым аудандар қатарына Ғабит Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Айыртау және Тимирязев аудандары кіреді. Бұл аудандарда қар әлі  қалың, белсенді түрде еріп жатқан жоқ. Оған қоса, кіші өзендер мен су өткізу құбырларында мұз кептелісі орын алуы мүмкін.

Ақжар, Тайынша және Уәлиханов аудандарында да жағдай күрделі. Астана мен Ақмола облысының су қоймаларынан көп мөлшерде су келеді деп күтілуде.

«Өңірде қар қалың жауғандықтан, су басу ықтималдылығы жоғары. Қазір тасқынды еңсеруге барлық ресурстар жұмылдырылып, күштер мен құралдар тобы құрылды, техника дайындалды. Өңірдегі өзендерде жарылыс жұмыстары жүргізіліп, эвакуациялау пункттері талапқа сай жабдықталды. Инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай және жүзу құралдары жеткілікті. Жағдай менің жеке бақылауымда», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына.

Өңір басшысы облыс орталығындағы су тасқыны жағдайын да бақылап, Жұмысшы кенті, Косогор, Ойқала, тағы басқа  учаскелерде болды. Бүгінде барлық қызметтер күшейтілген жұмыс режіміне көшірілген. Су сору техникалары мен мотопомпалар тәулік бойы жұмыс істеуде.

«Петропавл қаласының басшылығына  үйлерге су кірмес үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырдым. Жедел түрде әрекет ету жөніндегі қалалықтардың өтініштері орынды. Жағдайды үнемі тексеріп тұратын боламын», – деді Ғауез Торсанұлы.

                                               Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp