«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.04.2024

Бөгеттер нығайтылуда

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыс орталығы мен Қызылжар ауданы бойынша  су тасқынының алдын алу жайын тексеріп, Ущев көшесі бойындағы, Былғары зауыты және Заречный  кенттеріндегі, сондай-ақ Тепличное мен Прибрежное  ауылдарындағы бөгеттерді бақылады. «Су  тасқынының шарықтау шегі әлі алда. Қазіргі уақытта бөгеттерді  нығайту жұмыстары жүргізілуде. Осы салаға жауапты мамандар тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын күшейтулері қажет. Эвакуациялау пункттері …

Бөгеттер нығайтылуда Read More »

Еңбекке ерте жастан баулу керек

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында  білім беру жүйесіндегі өзекті тақырып – оқушыларды еңбекке балу мәселесі талқыланды. Алғашқы болып баяндама жасаған  қоғамдық кеңес мүшесі Гүлбақша Мұсабаеваөңірімізде   жалқау балалардың саны артып келе жатқанын  айтты.  Жеткіншектердің дені бар уақыттарын телефондағы әлеуметтік желілерде өткізетіндіктен, олардың ел экономикасына пайда әкелетін мамандықтарға қызығушылықтары жоғалған. Олардың көбі  блогер, таргетолог болуды армандап, оңай …

Еңбекке ерте жастан баулу керек Read More »

Қызметін асыра пайдаланған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы  баяндады.  «Бүгінгі таңда  Агенттік қызметінің басты  бағыты қоғамды жегідей жеген індеттің салдарымен емес, себебімен күресі болып табылады. Оның ішінде  азаматтардың өмір сүру сапасына кері әсер ететін келеңсіз құбылыстарға …

Қызметін асыра пайдаланған Read More »

Арзан азық-түлік бөлінеді

Өңірде күрделі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге тұрақтандыру қорынан  бірінші қажетті азық-түлік тағамдары мен өнімдері  бөлінбек. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрақтандыру қорының қазіргі ахуалымен танысты. Бүгінгі таңда онда 9 мың тоннадан астам көкөніс, күріш, қарақұмық, макарон, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімдер жинақталған. Бұл қор 5 айға дейін …

Арзан азық-түлік бөлінеді Read More »

Хорватия елшісімен кездесті

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Рефик Шабановичпен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.   Жыл басында өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысында  энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салалары бойынша тығыз байланыс орнатуға уағдаласқан болатын. Осылайша екі ел арасындағы әріптестік байланыс  жаңа …

Хорватия елшісімен кездесті Read More »