Өңірде күрделі су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге тұрақтандыру қорынан бірінші қажетті азық-түлік тағамдары мен өнімдері бөлінбек.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрақтандыру қорының қазіргі ахуалымен танысты. Бүгінгі таңда онда 9 мың тоннадан астам көкөніс, күріш, қарақұмық, макарон, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа, күнбағыс майы сияқты әлеуметтік маңызы бар өнімдер жинақталған. Бұл қор 5 айға дейін жетеді.
“Қажет болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімі күрделі су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына көліктермен жеткізілетін болады. Осындай күрделі кезеңде ең қажетті тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермеу және баға өзгерген кезде интервенция жасау өте маңызды”, – деп жазды Ғауез Торсанұлы әлеуметтік желідегі парақшасына.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.