«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Хорватия елшісімен кездесті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті  елшісі Рефик Шабановичпен кездесіп, өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  

Жыл басында өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысында  энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салалары бойынша тығыз байланыс орнатуға уағдаласқан болатын. Осылайша екі ел арасындағы әріптестік байланыс  жаңа деңгейге дамытылмақ.

«Хорватия мен біздің өңір арасындағы ынтымақтастық әлеуеті орасан зор және бұл бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайынбыз. Елші мырза да қос тараптық экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Хорватиялық инвесторларды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды жүзеге асыруға шақырдым», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp