Спортта да, өмірде де бірге
Облысымызда спорт тоғыстырған отбасылар қатары аз емес. Үйде де, түзде де үнемі бірге жүретін жандардың өмірі көпшілік үшін қызық. Сұлтан мен Сәния кекушинкай каратэмен айналысады. Екеуі де – қара белбеу иегері. Осыдан бес жыл бұрын некелерін қиған. Сол уақыттан бері жұптары жазылған емес. – Менің ата-анам да – спортқа жақын адамдар. Олар бала күнімдемені түрлі …