“АЛАШ” СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Жазушылар одағында өткен жылды қорытындылаған алқалы жиын өтіп, жерлесіміз, жазушы, журналист Жарасбай Сүлейменовтің халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын иеленгені белгілі болды. Жарасбай Қабдоллаұлы Қызылжар ақын-жазушыларының ішінен алғаш болып «Алаш» сыйлығын иеленіп отыр. Бұл – облыс руханияты мен әдебиеті үшін үлкен жетістік.

Өмірін әдебиет пен ақпарат саласына арнап келе жатқан Жарасбай Сүлейменов түрлі жанрда қалам тартып, сөз өнерінің сан саласында бақ сынады. Оның «Еменнің иір бұтағы» повестер мен әңгімелер жинағы оқырманның жоғары бағасына ие болды. «Көмескі із» кітабы кенже қалған детектив жанрындағы жаңалыққа айналды. Жазушының «Дала-бесік» кітабы туған өлкенің өткенінен сыр шертеді. «Сәулелі ғұмыр» жинағы қаламгердің  қазақтың арда азаматтары мен замандастары туралы ой-толғаныстарынан тұрады. Әдебиеттануға да олжа салған Жарасбай Сүлейменов Қожаберген, Шал ақын, Марал ишан, Смағұл Сәдуақасов сынды тұлғалардың өмірін зерттеді. Мағжантанудың көкжиегін кеңейтіп «Сөнбейтін шырақ» зерттеу еңбегін  жариялап, «Мағжан әлемі» жинағын, Мағжан энциклопедиясын құрастырды. Биыл 75 жастың биігіне шыққалы  отырған қаламгердің әлі де оқырманға берері мол. Жарасбай Сүлейменовті халықаралық «Алаш» сылығын иеленуімен құттықтай отыра, жазушыға шалқар шабыт, шығармашылық табыс тілейміз!

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp