«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зардап шеккендер қолдаусыз қалмайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Уәлиханов көшесіндегі су тасқынынан зардап шеккендер уақытша тұратын жаңа жатақханаға барып, тұрғындармен тілдесті.

Зардап шеккендер Жұмабаев көшесіндегі жаңа жатақханаға да көшті. Екі жаңа жатақханада барлығы 440 адам тұрады. Мұнда тұрғындарға барлық жағдай жасалған. Олар баспана мәселесі толық шешілгенше дейін осы жерде тұратын болады.

Бүгіннің өзінде Ойқаладағы Павлов, Смирнов, Тухачевский, Перминов және Колхозный Косогор көшелерінің бойында мүлікті бағалау және техникалық тексеру жұмыстары басталды. Судың тартылуына қарай бұл рәсімдерді шұғыл орындап, бір мезгілде механикалық бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын бастамақ.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp