«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАРДЫ ЖАҚСЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ МАҢЫЗДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тарихта тұтас ұлттар, халықтар мен мемлекеттердің жер бетінен жойылып кеткен мысалдары көп. Өзінің ұлттық бірегейлігін сақтап қалу бәрінің басына бұйырған бақ емес. Аталған халықтардың жойылып кетуіне тек сыртқы факторлар ғана емес, ішкі талас-тартыс пен бірліктің жоқтығы әсер етті. Ал бірлігі бекем елдердің азаматтар бір жерге ұйысып, іргесі беки түсті.

Бүгінгі сіз бен біз бастан кешіп отырған жаһандану үрдісі осы күні ғана пайда болған жоқ. Осыдан мыңдаған жыл бұрынғы жаһандануда да талай елдің болашағына қауіп төнді. Басқаша айтқанда жаһандану дегеніміз – елдерді біріктіріп, түрлі салаларын жалпыға ортақ бір қалыпқа келтіретін үрдіс. Осы күні ғалымдар жаһандану дамуына қатысты екі түрлі болжам жасап отыр. Оның біріншісі бойынша ұлттық мәдениеттер бірігіп, ортақ кеңістік пайда болмақ. Ал екінші болжамда өркениеттер қақтығысы туындауы мүмкін екені айтылады. Қалай десек те алдағы уақытта тек жаңа заманға бейімделіп, өзгере алған мәдениеттер ғана тарих сахнасындағы өз орнын ұстап қалмақ.

ЮНЕСКО құжаттарында адамзатқа биологиялық алуантүрлілік қаншалықты қажет болса, мәдениеттер алуантүрлілігі де соншалықты қажет екені айтылады. Ал мәдениеттердің бір-біріне жақындасуы адамзаттың ертеңгі күніне қауіп төндіруі мүмкін.

Әлем елдерімен қатар Қазақстан да түрлі салада жаһанданудың әсерін сезінуде. Соған сай елімізде соңғы жылдары мемлекеттік құрылымның жаңа стратегиялары пайда болды. Сарапшылар пікірінше Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы нәтижесінде еліміз сындарлы кезеңнен аман өтті. Ал бүгін аталған ұйым мемлекеттік саясатты жүргізіп, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі басты құрал болып отыр.

Ассамблеяның әр құрылымдық бөлігі өз қызметін атқара отырып, бір-бірін толықтырып, оның жұмысын қамтамасыз етіп отыр. Соның ішінде жастар арасында бірлік пен келісімде, патриотизмді насихаттаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының орны зор. Жоғары оқу орындарын татулық пен бірлікті нығайту ісіне тарту үшін 2013 жылы бірқатар оқу орындарында кафедралар ашылды. Бүгінде олардың саны қырыққа жауықтайды. Солардың ішінде алғашқылардың бірі болып ашылған Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасына жиылғы жылдың 28 сәуірінде 10 жал толды. Бүгінде кафедрамызға ерекше міндет жүктеліп отыр. Соңғы өзгерістерге сай енді бізге АҚШ пен ТМД және алыс жақын шетелдерден келген студенттердің басын біріктіріп, олардың арасындағы берік диалог орнату қажетттілігі туды.

Кафкдра жұмысы университеттің басқа білім беру кафедраларынан ерекшеленеді. Мұндағы білім беру, тәрбие жұмысы басқа ұйымдармен тығыз байланыс аясында жүзеге асады. Кафедрада түрлі элективті пәндердің іргетасы қаланады. Бұл пәндер жастарға Қазақстанның өткені мен бүгінін жақынырақ тануға мүмкіндік береді. Одан бөлек маманжар этнопедагогика, этнодемография, дінтану, этнопоэтика, туризм, медиация, қайрымдылық бойынша түрлі мадериалдар әзірлейді. Кафедра түрді деңгейдегі шаралар мен конференцияларға бастамашылық етіп келеді.

Ассамблея кафедрасында әй сайын этно-мәдени бірлестіктерге, қызметкерлер мен студенттерге арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар, вебинарлар ұйымдастырылып тұрады.

Біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі- мониторинг жүргізу. Монитрингтер түрлі мәселелерді анықтап, шешім шығаруға мүмкіндік береді. Оның қорытындысы негізінде ұсыныстар беріліп, жұмыстар жүргізіледі.

Бұл жұмыстардың бәріне студенттер қауымын тартуға да назар аударылады. Оқытушылардың жетекшілігмен білім алушыларды түрлі шаралар мен байқауларға қатыстыру олардың азаматтық белсенділігін арттырып, Отанға деген сезімін оятады. Студенттердің кафедра қабырғасында практикадан өтуі де жұмысымыздағы жаңашылдықтардың біріне айналмақ.

Өз жұмысымызда университет студенттерімен тәрбие жұмысын жүргізуге да мән береміз. Мұндағы басты мақсат жаңа тәсілдер мен шешімдерді пайдаланып, жастармен тиімді жұмыс істеу. Сондықтан да біз үнемі іс-шаралар өткізудің жаңа тәсілдері мен формаларына жүгінеміз. Бұл ретте өтетін шаралардың бұқаралық сипат алып, БАҚ беттерінде жариялануы маңызды. Осы жұмыстардың бәрі тек студенттерді ғана емес жалпы білім беретін мекемелерді да қамтуы керек.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында түрлі тақырыптағы байқаулар да ұйымдастырылады. Даңқты жерлестерімізді дәріптеу, маңызды мерекелерді атап өті, жергілікті туризмді дамыту бағытындағы жоба, эссе байқаулары өтіп, шығармашыл жастардың жинақтары басылып жатады.

Қайырымдылық бағыты бойынша семинарлар мен акциялар қтіп, жастар балалр үйі, қарттар үйіне барып, қарт адамдарға көмек қолын созып жүр.

Өз жұмысымызда біз жергілікті атқарушы билікпен, Ассамблея филиалымен, түрлі ұймдармен, партиялармен, оқу орындары, серіктестіктермен белсенді жұмыс істейміз.

Бұл жұмыстың барлығы елдегі бірлікті нығайтып, татулығымыздың іргетасын берік ету үшін керек. Біз жастармен жұмыс істей отыра оларға ұлттық құндылықтарымызды сіңіріп, дұрыс жолға бағыттаймыз. Араздық пен дау-жанжалдардың алдын аламыз. Қазіргідей алмағайып заманда елдің тыныштығы мен бірлігін сақтау аса күрделі міндет. Осы міндетті орындайда Қазақстан халқы Ассамблеясы да өз үлесін қосуда. Биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтетін кафедра алдағы уақтта да осы бағытты ұстанып, ынтымағымызды нығайту жолындағы қызметін жалғастыра береді.

Людмила ГРИВЕННАЯ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp