«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.05.2024

Қайырымдылық фестивалі

Жастар сарайында қайы­рым­ды­лық фестивалі өтті. Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясының қолдауымен өт­кен шарада өңірдің өнер ұжым­дарымен қатар алма­тылық мей­мандар да өнер көрсетті. Қатысушылар түрлі халықтар­дың ән-биін орындап, мәдениетін паш етуге тырысты. Мерекелік кон­церттен бөлек, мұнда жәрмеңке өтіп, қолөнер шеберлері жұрт­шы­лық на­зарына өз қолынан шыққан бұйым­дарын ұсынды. Концертте өнерлі балалар, балалар үйінің шығарма­шылық топтары, қала мен аудан­дардағы …

Қайырымдылық фестивалі Read More »

ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛҒАН

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы жанындағы өнер орталығы “Өнерлі бала өрге жүзеді” атты концерт ұйымдастырды. Әуелете ән шырқап, мың бұрала би билеген жас өрендер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сахна шымылдығы “Мұра­гер” халық аспаптар оркестрі­нің орындауындағы Нұрғиса Ті­лендиевтің “Ата толғауы” күйі­мен ашылды. Балдырғандар­дың нәзік сау­сақтарымен тартқан күйлері кө­рермендердің таң­дайын қақ­тырмай қоймады. “Бақшадағы ән” күйі, “Балдыр­ғандар”, “Кө­зімнің …

ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛҒАН Read More »

Әлден ішімдікке үйір

Соңғы төрт айдың ішінде юве­налдық полицейлер сағат 23:00-ден кейін көшеде қыды­рып жүр­ген 235 кәмелетке тол­маған жет­кіншекті анықтады. 18 жасқа толмаған кейбір жас­өс­пірімдер өздерінен әлдеқайда үл­­кен достарымен бірге аулалар­да кө­ң­іл көтеріп, уақыт өткізеді. Мұн­дай басқосулардың көбі алкогольді ішім­діктерсіз өтпейді. Жыл басынан тәр­тіп сақшылары кәмелетке толмаған балалары­ның спирттік ішімдік іш­ке­ні үшін 19 ата-ананы жауапкершілік­ке тартты. – Ересектер …

Әлден ішімдікке үйір Read More »

Жанжалқойлардың жазасы

Жыл басынан бері Петропавл полицейлері отбасылық-тұрмыстық сипаттағы 500-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. “Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қыз­меткерлері жүргізетін әдістемелік түсіндіру жұмыстары өз жемісін беруде. Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адамды қорлайтын кез келген әрекетке тыйым салына­ды. Жағдайды шиеленіс­тірмеу үшін құқыққа қарсы мінез-құлық фактілерін жасырмау қажет”, – дей­­ді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зор­лық-зомбылықтан …

Жанжалқойлардың жазасы Read More »

Тарифтер өзгермейді

Биыл Табиғи монополия­лар­ды реттеу комитетінің об­лыстық департаментіне та­риф­тер мен тарифтік смета­ларды бекіту туралы 43 өтінім келіп түсті. Сонымен қатар ашық­­тық­ты қамтамасыз ету мақса­тында 18 қоғамдық тың­дау өт­кізілді. Облыстық қоғам­дық ке­ңестің кезекті отырысын­да та­биғи монополиялар субъекті­лерінің тарифтерін рет­теу мә­селелері талқыланды. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті 72 қызмет бо­йынша 57 табиғи монополия субъек­тісінің жұмысын бақы­лайды. Сондай-ақ …

Тарифтер өзгермейді Read More »

ОЙҚАЛАДАҒЫ СЕНБІЛІК

1-ші мамыр күні солтүстікқазақстандықтар Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының бастамасын қолдап, бір үйдің баласындай жұмылып, тасқынның салдарын жою бойынша сенбілікке шықты. Үндеуді түрлі сала өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар, кәсіпкерлер, спортшылар, этномәдени бірлестік өкілдері мен еріктілер қолдады. Жұртшылық су тасқынынан зардап шеккен Ойқала шағынауданындағы көшелер мен үйлердің аумағын тазарт­ты. – Биыл Қазақстан халқы­ның бірлігі күні ерекше …

ОЙҚАЛАДАҒЫ СЕНБІЛІК Read More »

Аудандардағы ахуал ала-құла

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің тө­рағалығымен өткен об­лыстық әкімдіктің кезек­ті оты­рысында алғашқы тоқ­сан­ның әлеуметтік-эко­номикалық даму қорытын­дылары шығарыл­ды. Экономика басқармасының бас­шысы Қуанышбек Қалижанов үш айда негізгі салаларда өсімнің тір­келгенін жеткізді. Мал шаруашы­лы­ғы өнімдерінің көлемі – 3,5, сүт – 12,6, жұмыртқа 7,8 пайызға артып, 37,1 млрд. теңгені құраған. Алайда Жамбыл ауданы сүт, Ғабит Мүсі­ре­пов атындағы аудан жұмыртқа өн­ді­ру­ден …

Аудандардағы ахуал ала-құла Read More »

“Біз біргеміз!” телемарафоны

Бірлік күні қарсаңында алғаш рет қазақстандық 10 телеарна бірлесіп, “Біз біргеміз!” жалпы­ұлттық телемарафонын өткізді. Елімізде соңғы 80 жылда болған ең ірі табиғи апат – су тасқынына байланысты ұйымдастырылған тікелей эфир 5 сағатқа жалғасты. Телемарафон барысында “Qazaqstan”, “Хабар”, “Jibek Joly”, “Еуразия”, “КТК”, “31 ар­на”, “Atameken Business”, “As­tana TV”, “7 арна” және “Almaty TV” те­леарналарының эфирін­де орта­лық …

“Біз біргеміз!” телемарафоны Read More »

Адам қай тілде сөйлесе, сол ұлтқа қызмет етеді

Ата Заңымыздың 7-ші бабын­да “Қазақстан Республикасын­дағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі” деп жазылуын ұлы тарихи жеңіс деп бағалауға толық құқылымыз. Бұл бағытта халқымыз қаншама “тар жол, тайғақ кешуді” бастан өт­керсе де, ұлтымыздың сана-се­зіміне батпандап кіріп, рухы­мызды жаншып, мәңгүрттікке айналдырып жібере жаздаған “жаны сірі” кеңестік идеология­ның көбесі сөгіліп, жылымықтың самал лебінің соғуы төбемізді көкке жеткізгендей болды. …

Адам қай тілде сөйлесе, сол ұлтқа қызмет етеді Read More »

ЖАҢА ҮЙЛЕР — ЖАНҒА ЖЫЛУ

Осыдан 3-4 жыл бұрын “Нұр­лы жол” мемлекеттік бағ­дарламасы аясында облыс ор­талығынан шеткерілеу жердегі алаңда “Солнечный-2” деп ата­латын шағынаудан бой көтерді. Аз ғана уақыттың ішінде инже­нерлік желілер тартылып, ау­лалар абаттандырылып, жол­дар салынды. Бүгінде сырты сендвич-па­нелдермен қаптал­ған 200-ден астам бір қабатты ақшаңқан үйлер сап түзеп, келбеті көздің жауын алғандай қызықтыра­ды. Әр шаршы метрі 120 мың теңгеден аспай­тын …

ЖАҢА ҮЙЛЕР — ЖАНҒА ЖЫЛУ Read More »