«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОЙҚАЛАДАҒЫ СЕНБІЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1-ші мамыр күні солтүстікқазақстандықтар Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының бастамасын қолдап, бір үйдің баласындай жұмылып, тасқынның салдарын жою бойынша сенбілікке шықты.

Үндеуді түрлі сала өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар, кәсіпкерлер, спортшылар, этномәдени бірлестік өкілдері мен еріктілер қолдады. Жұртшылық су тасқынынан зардап шеккен Ойқала шағынауданындағы көшелер мен үйлердің аумағын тазарт­ты.

– Биыл Қазақстан халқы­ның бірлігі күні ерекше мазмұн­да өтті. 5000-нан астам қала тұрғыны саяжолдарды, аула­ларды және су тасқынынан зар­дап шеккен аумақтарды тазар­туға шықты. Барша тұрғын­дарды мерекемен құттықтаймын, біздің күшіміз бірлікте! – деп жазды қала басшысы Серік Мұхамедиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Су тасқыны кезінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы аса маңызды рөл атқаруда. Достық үйінің базасында штаб орналасқан, еріктілер орталығы мен гуманитарлық көмек қабылдау пункті де ұйымдастырылды.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp