«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы жанындағы өнер орталығы “Өнерлі бала өрге жүзеді” атты концерт ұйымдастырды. Әуелете ән шырқап, мың бұрала би билеген жас өрендер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Сахна шымылдығы “Мұра­гер” халық аспаптар оркестрі­нің орындауындағы Нұрғиса Ті­лендиевтің “Ата толғауы” күйі­мен ашылды. Балдырғандар­дың нәзік сау­сақтарымен тартқан күйлері кө­рермендердің таң­дайын қақ­тырмай қоймады. “Бақшадағы ән” күйі, “Балдыр­ғандар”, “Кө­зімнің қарасы”, “Балқадиша” ән­дері орындал­ғанда көпшілік орын­дарынан тұрып, қошемет көрсетті. Бірінші сынып оқушы­лары “Балалар ойыны” биімен жұрт назарын өздеріне аударт­ты. Бұл концертте жас өнерпаздар ұлт­тық аспаптардың барлық түрімен өнер көрсетті. Сонымен қатар Ерік Асқаров атындағы ақындар мектебінің шәкірттері Мәдина Серік, Дүй­сен Ернар, Қайыртай Нұрғиса­ өздерінің ақындық өнерле­рін паш етті. “За­ман-ай” театры­ның тәрбиеленушілері Абай Құ­нанбайұлының аудар­малары­нан мысалдар оқыды.

– Өнер орталығы 2 жылда бір рет оқушылар концертін ұйымдастыруды дәстүрге ай­налдырған. Осы жолы шараға қалалық, облыстық, республи­калық, халықаралық байқауларда жүлделі орындар алып жүрген қабілетті балалар­ды қатыстыруды жөн сана­дық. Мектеп сахнасында шың­далған бала болашақта өз жо­лын адаспай табады, – дейді ор­талық жетекшісі Дәмеш Кұрманкина.

Бүгінде орталықта 26 арнайы музыкалық білімі бар ма­ман жұмыс істейді. Шәкірттер му­зыка бөлімінде, “Заман-ай” театрында, “Нұр шашу” би ан­самблінде және “Айтыскерлер” сыныбында тәрбиеленуде.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp