«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.05.2024

КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ

Осыдан он жыл бұрын колледжде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының Бейбітшілік және келісім орталығы ашылған болатын. Оның мақсаты – көп этносты қоғамның қазақстандық моделін зерделеу және студенттер ара­сында кеңінен насихаттау, тари­хы мен мәдениетін таныстыру, патриотизмді қалыптастыру, ұлт пен ұлыстың тілі мен дәстүрлерін дамытуға үлес қосу. Осындай маңызды жұмысты атқаруға Бей­бітшілік және келісім орталық­тары үлес қосып отыр …

КОЛЛЕДЖДЕГІ КЕЛІСІМ ОРТАЛЫҒЫ Read More »

Өзгерген ережелер

2024 жылғы 23 сәуірден бас­тап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-лары көлік құралдарын тір­кеу барысында міндетті нота­риат­тық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қа­былдауда.  Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады. “Азаматтарға арналған үкі­мет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ-тың СҚО бойынша филиа­лы­ның баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл өзгерістер мемле­кеттік қызмет көрсету кезінде ашық­тықты қамтамасыз етуге бағытталған. Егер азаматтар қайта тіркеу үшін …

Өзгерген ережелер Read More »

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЕРЕН ЕРЛЕР

Осыдан жетпіс тоғыз жыл бұрын сағындырып жеткен Жеңіс көктемін тәуелсіз еліміз тағы да бұлтсыз аспан астында, бейбіт күн аясында қарсы алып отыр. Бүгінгі ұрпақ майдангерлердің жанқиярлық ерлігін тек фильмдерден көріп тамашалағанмен, 1418 күн мен түнге ұласқан соғыста етікпен қан кешкен жауынгерлермен қатар елде қалған әйелдер мен балалардың, еңбек майданындағы бас көтерер азаматтардың қосқан үлесін бағалай …

ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫНДАТҚАН ЕРЕН ЕРЛЕР Read More »

МЕНІҢ АТАМ — БАТЫР АДАМ

Бала күнімізде Жеңіс күні мерекесі жақындаса, біздің үйге мектеп ұстаздары мен оқушылар ағылатын. Олар соғыс майдангері болған атама құрмет көрсетіп, Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері жайында сұрайтын. Сол уақытта ерлігін елі бағалаған майдангердің немересі болғаныма мақтанатынмын. Әскери саланы таңдауыма да “ерлігі елге мұра” болған атамның тәрбиесі себеп болды. Ұлы Отан соғысының ардагері, атам – Сейполла …

МЕНІҢ АТАМ — БАТЫР АДАМ Read More »

ЖАУЖҮРЕК ЖАУЫНГЕР

Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдары аралығында болған Ұлы Отан соғысында әрбір кеңес жауынгерінің іс-әрекеті, патриоттық сезімі ерлікке пара-пар десем артық айтқандығым емес. Мұздай қаруланған неміс фашистерінің темір құрсаулы танкілері мен жеңіліс көрмеген жендеттері Мәскеу түбіне дейін ентелеп келіп қалғанда, Қазақстанда жасақталған, құрамындағы жауынгерлер мен офицерлердің басым бөлігі қазақ ұлтының өкілдерінен тұратын генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316 дивизия фашистердің …

ЖАУЖҮРЕК ЖАУЫНГЕР Read More »

АУДАНДАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ойқала, Былғары зауыты шағынаудандары мен Тепличное ауылында болып, үйлерін су басқан тұрғындармен кездесті. Жиында халыққа баспана алу және жөндеу жүргізу ережелері бойынша түсініктемелер берілді. Бүгінде бұл аумақтарда та­за­лау жұмыстары басталып кеткен. Ғауез Торсанұлы жедел штабтарға соғып, қалпына кел­тіру жұмыстарымен танысты. Ау­дан әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарларының есебі тыңдалды. Баяндамалардан белгілі бол­ғандай, …

АУДАНДАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ Read More »

Жол маманы тапшы

Жол – экономиканың күретамы­ры. Елімізде жыл сайын қыруар қар­жы бөлініп, жол са­лынғанымен, көп жағдайда олардың сапасының сын көтермейтіні жасы­рын емес. “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” республикалық мемле­кет­тік кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, қазіргі таңда еліміздегі жолдардың ұзындығы 157 мың шақырымды құрайды. Қазақстан әлемде жолдардың ұзындығы бо­йын­ша 32-орында тұр, сапасы жағы­нан қандай деңгейде екенін тап ба­сып айту …

Жол маманы тапшы Read More »

Саяжай иелері төлем алады

Петропавлда су тасқыны ке­зінде 34 бау-бақша қоғамдас­тығы су астында қалды. Енді учаскелерінде үйлері бар сая­жай иелеріне біржолғы төлем берілмек. Зардап шеккендер 370 мың теңге төлем алады. Петропавл тұрғыны Ирина Купинаның “Звездочка” бау-бақша қоғамдастығында саяжай учаскесі бар. Биыл ол суға кетті. Тасқын учаскеде тұрған екі қа­батты үйдің екінші қабатына дейін көтерілген. “2017 жылы су тасқыны бол­ғанда …

Саяжай иелері төлем алады Read More »

ҮЙІН СУ БАСҚАНДАРҒА — ЖАЙЛЫ БАСПАНА

Өңірге жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басқан шағынаудандарды аралап, жергілікті жерде зардап шеккендерге жасалып жатқан жағдаймен,  үйлерді қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Министр алдымен “Alageum Electric” компаниясының Петропавл электротехникалық зауытына соқты. Кәсіпорын 2021 жылы ашылған,  биыл 11 млрд. теңгенің өнімін ішкі және сыртқы нарыққа …

ҮЙІН СУ БАСҚАНДАРҒА — ЖАЙЛЫ БАСПАНА Read More »

РУХТЫ ЖАНЫҒАН ӘСКЕРИ ОРКЕСТР

Музыкаға бейжай қарайтын адам әсте жоқ шығар. Бесік жы­рынан алғашқы тәрбие алып, қуа­нышын да, қайғысын да әнге қо­сатын халқымыз үшін оның орны ерек. Бұдан бөлек, қажет бол­ған­да музыканың рухты жанып, жі­гер­лендіретін қасиеті де бары бел­гілі. 7 мамыр – Отан қорғау­шы күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы ака­демиясы жанындағы әскери ор­кестрдің дирижері Азамат Беке­новті әңгімеге тартып, …

РУХТЫ ЖАНЫҒАН ӘСКЕРИ ОРКЕСТР Read More »

Елге қызмет – абыройлы міндет

Отан алдындағы міндеттерін орындап жүрген ер-азаматтар – елдің қорғаны. Бұйрыққа бағынатын, тәртіпті бұзбайтын мұндай ерлер алдына қойған кез келген тапсырманы бұлжытпай орындап, өзгелерге үлгі болып жүр. Отан қорғаушы күні мерекесі қарсаңында кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар нағыз ерлердің отансүйгіштік жайлы жүрекжарды пікірлерін білген едік. Әлішер КЕНЖЕБЕКҰЛЫ, Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан №6637 әскери бөлімінің сарбазы: – …

Елге қызмет – абыройлы міндет Read More »

Түлектер тартуы

Өңірде “Таза Қазақстан” эколо­гия­лық акциясы аясында мектеп тү­лектері республикалық эко-чел­ленджге қатысты. 9-11 сы­нып оқушылары өздері оқып жат­қан білім ордаларының аулалары­на ағаш көшеттерін отырғызды. Шараға облыс мектептерінің 3926 өрені қатысты. Олардың 656-сы – 9-сынып, қалған 3270-сі 11-сы­нып оқушылары. Жеткіншектер 3800-ге жуық тал отырғызып, қор­шаған ор­таны көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Әсел ОРАЗБАЕВА, облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Зияткерлік ойын

Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Жарыс Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектепте ұйымдастырылды. Облыс чемпионатына 7 аудан мен қала мектептерінен 116 оқушы қатысты. Тоғызқұмалақтан облыс командасының бас бапкері Мей­рамбек Үтеновтің айтуынша, жа­рыста спортшылар ұлттық ойын­ның блиц және классикалық түрі­нен өзара мықтыны анықтаған. – Жарыс 7 кезеңнен тұрды. Оған 9 бен …

Зияткерлік ойын Read More »

Оқырман конференциясы

Ғабит Мүсірепов атын­да­ғы балалар мен жасөс­пірім­дер кітапханасында Ұлы Же­ңіс­тің 79 жылдығына орай “Же­­ңіс прозасы” ат­ты оқыр­мандар конфе­рен­циясы өтті. Шараға М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен Петропавл техникалық-гуманитарлық колледжінің сту­денттері қатысты. Тарих пен уақыт безбеніне салынған бұл соғысқа Қазақстан­нан 1,5 миллионға жуық азамат ат­танды. Оның тең жарымы Ота­ны­на оралмады. Сұм соғыстың зар­дабы жайында талай шығарма жа­зылды, көркем …

Оқырман конференциясы Read More »

Бозкілемнің шаңын қақты

Петропавлдағы Спорт сарайында “Қызылжар барысы – 2024” турнирінің облыстық кезеңі өтті. Балуандар бәсекесіне 13 аудан мен облыс орталығынан 32 үміткер қатысуға ниет білдірді. 90 келіден жоғары салмақта бақ сынаған спортшыларға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев сәттілік тіледі. – Бүгіндері облыста ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде 1 мыңға жуық бозбала қазақ күресімен айналысады. Ересек …

Бозкілемнің шаңын қақты Read More »