«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бозкілемнің шаңын қақты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Спорт сарайында “Қызылжар барысы – 2024” турнирінің облыстық кезеңі өтті.

Балуандар бәсекесіне 13 аудан мен облыс орталығынан 32 үміткер қатысуға ниет білдірді. 90 келіден жоғары салмақта бақ сынаған спортшыларға облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев сәттілік тіледі.

– Бүгіндері облыста ұлттық спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде 1 мыңға жуық бозбала қазақ күресімен айналысады. Ересек спортшыларға арналған “Қызылжар арландары” клубы жұмыс істейді.

Жерлестеріміз республика­лық деңгейде ғана емес, халық­аралық жарыстарда топ жарып жүр. Биылғы турнирде жеңіске жеткен балуан “Қазақстан бары­сы” жарысының республикалық кезеңін­де жоғары биіктерден көріне­тініне сенімдімін, – деді Қанат Дүзелбаев.

“Қызылжар барысы” облыс­тық турнирі биыл облыста осы­мен 13-ші жыл қатарынан ұйым­дастырылып отыр. Балуандар­дың арасында бұған дейін ха­лықаралық, республикалық жа­рыстарда топ жарғандар да бол­ды. Ең жасы Қызылжар ауда­нының намысын қорғаған 18 жас­тағы Әділет Мырзаш болса, егде спортшылардың қатарында 45-тегі мамлюттік Дулат Алпы­сов бар.

Жарыс басталмай тұрып бал­уандар жеребе тартып, өздері­нің қарсыластарын анық­тады. Турнирдің бас төрешісі Асылхан Болатовтың айтуын­ша, әр спорт­шы додаға тыңғы­лықты да­йындықпен келген.

– Биылғы “Қызылжар бары­сы” турниріне қатысып жатқан балуандардың тең жартысы – жас спортшылар. Олар өзде­рінен тәжірибелі қарсыласта­рына есе жібермеуге тырысып бақ­ты. Әсі­ресе Әділет Мырзаш­тың өне­ріне разы болдық, – дейді Асыл­хан Болатов.

Шынында да боз кілемде өзі­нен жасы үлкен, тәжірибелі бал­уандармен күрескен Әділет Мыр­заштың қабілетін жоғары баға­лауға болады. Қызылжар ауда­нының спортшысы ақтық сынға өтіп, финалда, респуб­ли­каға танымал Алтын­бек Ау­сағитовпен белдесті.

– Мен облыстық жарысқа Уәлиханов ауданы атынан қаты­сып, 4 жекпе-жек өткіздім. Фи­налда қызылжарлық балуанмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жеттім. Өткен жылы “Қазақстан барысында” діттеген мақ­сатыма жете алмадым. Биыл есемді қайтаруға мүм­кіндік туды, – дейді Алтынбек Аусағитов.

Жарыс қорытындысы бо­йын­ша “Қызылжар ба­рысы – 2024” турнирінің ал­тын белбеуі Уәлиханов ауданының атынан қатысқан Алтынбек Аусағитовқа бұйырса, екінші орынға Қызыл­жар ауда­нының спортшысы Әді­лет Мыр­заш ие болды. Үздік үш­тікті Шал ақын ауданының өкілі Батырхан Қайырбек түйіндеді. Жүл­дегерлерге 500 мың, 300 мың және 200 мың теңгелік сер­тифи­каттар табысталды.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суреттерді түсірген

Аяжан НҰРАХМЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp