«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елге қызмет – абыройлы міндет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отан алдындағы міндеттерін орындап жүрген ер-азаматтар – елдің қорғаны. Бұйрыққа бағынатын, тәртіпті бұзбайтын мұндай ерлер алдына қойған кез келген тапсырманы бұлжытпай орындап, өзгелерге үлгі болып жүр. Отан қорғаушы күні мерекесі қарсаңында кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар нағыз ерлердің отансүйгіштік жайлы жүрекжарды пікірлерін білген едік.

Әлішер КЕНЖЕБЕКҰЛЫ,

Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан №6637 әскери бөлімінің сарбазы:

– Мен – Тараз қаласының ту­масымын. 2023 жылдың желтоқ­сан айынан бастап Петропавл қа­ласындағы №6637 әскери бөлімінде әскери боры­шымды атқарып келемін.

Біздің сонау дәуірлерден бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақ жері. Осынау алып қазақ сахара­сын көздің қарашығындай қор­ғап, оны шексіз сүю – әр қазақтың міндеті және азаматтық бо­рышы.

Отансүйгіштіктің негізгі белгісі “Мен міндеттімін” деген сөзбен байланысты. Отансүйгіштік – әде­мі сөз ғана емес, адамның шынайы бейнесі, оның әрекеті мен ортасына деген қарым-қа­тынасы.

Соңғы кездері замандас­та­ры­мыз әскерге барудан қашып жатыр. Осы орайда әр ер жігіт­ке әскерден қашпаңдар, еліңді қорғаудан қорықпаңдар, баруға тал­пыныңдар деген ұран тастағым келеді. “Отан үшін отқа түс – күй­мейсің”, – деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы бекер айт­паған ғой.

Жалпы патриотизм менің ұғы­мымда – өз еңбегін, күш жігерін туған жері мен Отанын көркей­туге жұмсау. Сондықтан боры­шымды өтеп, елге барғасын бір мамандықтың иесі атанып, елім­нің дамуына өз үлесімді қоса бер­сем деймін.

Асқар ЖАЛЕЛОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери академиясының курсанты:

– Менің әкем – офицер. Сон­дықтан біздің балалық шағымыз әскери өмірмен тығыз байла­ныс­та болды. Мектепте оқып жүр­генде әскери бөлімдердегі іс-шараларға, түрлі спорттық үйірме­лерге белсене қатыстым. Әскери өмір, тәртіп, патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік бойы­ма бала күннен дарыды. Сондықтан болашағымды әске­ри саламен байланыстырып, жауапкершілігі жоғары жолды таңдағаным кездейсоқтық емес. Былайша айтқанда, әке жолын таңдадым десем де болады.

Шығыста Алтай тауларынан бастап, батыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан ұлан ғайыр байтақ дала бізге – келе­шек ұрпаққа ата-бабадан қалған аманат. Батыр бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің кү­шімен қорғаған жерімізді келер ұрпаққа осы қалпында тапсы­руға міндеттіміз. Өйткені біз – қиын-қыстау заманды, соғыс пен ашаршылықты бастары­нан кешірсе де ешқашан мойы­ма­ған, жеңілмеген қайсар халық­тың ұрпағымыз.

Су тасқынынан еліміз зардап шеккен қиын жағдайда да халқымыз бірліктің, батылдық­тың үлгісін көрсетуде. Кейбір об­лыстарда еңбектеген баладан бас­тап, еңкейген қарияларға дейін “бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығарып” тынымсыз бөгет тұрғызып жатыр. Ел басы­на күн туғанда, Ұлттық ұлан кур­санттары мен сардарлар, әскери бөлім сарбаздары көмекке келіп, төтенше жағдайдың алдын алу шараларына бір адамдай атса­лысты.

Жақында өңірге келген ел Президенті Қасым-Жомарт Ке­мелұлы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, кездесу кезінде әскери­лердің еңбектеріне оң бағасын беріп, алғысын білдірген бола­тын. Осы шарада Пре­зиденттен алғыс естіп, қол сағатпен марапатталдым. Бұл – мен үшін ең жоғары марапат бол­ды. Сол кездегі мақтаныш сезі­мімді ауызбен айтып жеткізу мүм­кін емес. Алайда менің қасым­дағы қарулас достарымның әр­қайсысы осындай марапатқа лайық. Мен елімнің тәуелсіздігі, бей­біт өмірі жолында аянбай тер төгіп, еңбек етуге дайынмын.

Әділ ЖҰМАНОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің офицері:

– “Туған жердің шекара ше­бінде жүру – әркімге бұйырмаған бақ!” – демекші, менің шекара қызметіндегі қиын да, жауап­кершілігі жоғары еңбек жолым 2007 жылдың мамыр айынан бас­талды. Маңғыстау облысы Ақтау қаласында орналасқан №2018 шекаралық әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борышым­ды өтегеннен кейін, келісім­шарт бойынша елге қызмет етуді жалғастырамын деп шештім. Кейін әскери офицерлік лауа­зымға тағайындалдым. Қазіргі таңда қызметімді Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша ше­кара қызметі департаментінде ат­қарып келемін.

Менің шекара қызметіне, жалпы әскери өмірге деген қы­зығушылығымның тамыры те­реңнен бастау алады. Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер атам – Асқар Жұманов әскери сала қызметкері болған. Мектеп­те оқып жүргенде атамды мақтан тұтып, еліктегенімнен әскери өмірге қызығушылығым оянды. Міне, сол бала кездегі арман-қиялым мақсатқа жетелеп, осы салаға алып келді.

Әскери өмір – ер жігіттің бойына тазалық, тәртіп, жауап­кершілікті қалыптастырып, қо­ғамдағы беделін көтереді. Қазіргі жастар замандастарынан қал­май әскерге барып, үлкендердің батасын алып, халқының риза­шы­лығына бөленсе деймін. Оның үстіне қазір әскерде бар­лық жағдай жасалған, материалдық тұрғыдан толықтай қамтамасыз етілген.

Жалпы ел мен жерге деген сүйіспеншілік отбасынан баста­ла­ды. Әр ер-азаматтың Отан ал­дындағы борышын абыроймен ат­қаруы – азаматтық парызы.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp