Петропавлда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты өтті. Жарыс Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектепте ұйымдастырылды.
Облыс чемпионатына 7 аудан мен қала мектептерінен 116 оқушы қатысты. Тоғызқұмалақтан облыс командасының бас бапкері Мейрамбек Үтеновтің айтуынша, жарыста спортшылар ұлттық ойынның блиц және классикалық түрінен өзара мықтыны анықтаған.
– Жарыс 7 кезеңнен тұрды. Оған 9 бен 13 жас аралығындағы балалар қатысуға ниет білдірді, – дейді Мейрамбек Үтенов.
Жарыс қорытындысы бойынша облыс командасы жинақталып, жүлдегерлер өңір атынан республикалық чемпионатқа жолдама алды. Енді олар Талдықорғанда маусымның 20-сы мен 30-ы күндері аралығында өтетін ел біріншілігіне қатыспақ.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.