Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай “Жеңіс прозасы” атты оқырмандар конференциясы өтті.
Шараға М. Қозыбаев атындағы СҚУ мен Петропавл техникалық-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.
Тарих пен уақыт безбеніне салынған бұл соғысқа Қазақстаннан 1,5 миллионға жуық азамат аттанды. Оның тең жарымы Отанына оралмады. Сұм соғыстың зардабы жайында талай шығарма жазылды, көркем фильмдер түсірілді. Конференцияда “Жас қаламгерлер” клубының мүшелері, кітапхананың жас оқырмандары жеңіс жаңғырығына айналған шығармалар жайлы айтып, пікірлерін ортаға салды.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.