Өңірде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында мектеп түлектері республикалық эко-челленджге қатысты. 9-11 сынып оқушылары өздері оқып жатқан білім ордаларының аулаларына ағаш көшеттерін отырғызды.
Шараға облыс мектептерінің 3926 өрені қатысты. Олардың 656-сы – 9-сынып, қалған 3270-сі 11-сынып оқушылары. Жеткіншектер 3800-ге жуық тал отырғызып, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Әсел ОРАЗБАЕВА,
облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.