«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өзгерген ережелер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2024 жылғы 23 сәуірден бас­тап еліміздің мамандандырылған ХҚКО-лары көлік құралдарын тір­кеу барысында міндетті нота­риат­тық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қа­былдауда.  Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады.

“Азаматтарға арналған үкі­мет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ-тың СҚО бойынша филиа­лы­ның баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл өзгерістер мемле­кеттік қызмет көрсету кезінде ашық­тықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мә­мілелерін нотариалды куәлан­дыр­ғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құ­ралын онлайн қайта рәсімдей алады.

Сонымен қатар 23 сәуірден бастап жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер емтиханды тек авто­мек­тепті бітіргеннен кейін ғана тап­сыра алады. А және В, сон­дай-ақ А1 және В1 санатындағы куәліктерге үміткер жүргізушілер­дің өзін-өзі даярлау арқылы ем­тихан тапсыруына мүмкіндік бе­ретін тармақтар емтихандарды қа­былдау және жүргізуші куәлік­терін беру қағидаларынан алы­нып тасталды.

Енгізілген жаңашылдықтар кө­лік құралдарын тіркеу және есеп­ке алу, сондай-ақ жүргізушілерді даярлау қағидаларына өзгеріс­тер мен толықтырулар енуінің ар­қасында мүмкін болды. Бұл әкім­шілік үрдістің тиімділігін арт­тыру және жол қозғалысы қа­уіпсіздігінің жоғары деңгейін қам­та­масыз ету үшін қажет. Өзгеріс­тер “Жол қозғалысы туралы”  Заңның ережелеріне негізделіп, әзірленді. Қағидаға бар­лығы 53 түзету енгізілді. Түзе­ту­лер жария талқылаудан, сыбай­лас жемқор­лыққа қарсы сарапта­мадан өтті және ішкі істер орган­дары мен “Атамекен” Ұлттық кә­сіпкерлер палатасының қыз­меті жөніндегі қоғамдық кеңесте ма­құлданды. “Азаматтарға ар­нал­ған үкімет” барлық көлік иелері мен жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді жаңа ережелермен танысуға кеңес береді. Жа­ңар­тылған ереже­лер­дің толық мәті­німен порталда танысуға бо­лады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp