«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Генерал атағы берілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні қарсаңында “Жоғары әскери жә­не арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы” Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлық негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық по­лиция департамен­тінің бас­тығы Айдын Қабдұлди­новке по­ли­ция генерал-майоры арнайы атағы берілді. Ақордада өткен сал­танатты жиынға қатысқан Мем­лекет басшысы Отан қорғау­шы­лардың еліміздегі ынтымақ пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Айдын Қабдұлдинов Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы заң институтын тамамдаған. Ішкі істер органда­рындағы қызметін 1994 жылы бас­таған, 2022 жылдың қаңтар айы­нан облыстық полиция депар­та­ментін басқарып келеді. Депар­таментте жаңа жобалар жүзеге асып, өткен жылы өңірдегі қыл­мыс көрсеткіші едәуір азайды. Тас­қын кезінде де тәртіп сақшы­лары халықпен бірге болып, су басқан тұрғын үйлерді қас қақпай күзетті.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp