Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні қарсаңында “Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы” Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлық негізінде Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновке полиция генерал-майоры арнайы атағы берілді. Ақордада өткен салтанатты жиынға қатысқан Мемлекет басшысы Отан қорғаушылардың еліміздегі ынтымақ пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
Айдын Қабдұлдинов Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Алматы заң институтын тамамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1994 жылы бастаған, 2022 жылдың қаңтар айынан облыстық полиция департаментін басқарып келеді. Департаментте жаңа жобалар жүзеге асып, өткен жылы өңірдегі қылмыс көрсеткіші едәуір азайды. Тасқын кезінде де тәртіп сақшылары халықпен бірге болып, су басқан тұрғын үйлерді қас қақпай күзетті.
Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,
“Soltüstık Qazaqstan”.