«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел аналары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда мамыр айының екінші жексенбісі Аналар күні ретінде аталып өтіледі. Ел аналары жайлы қызықты деректер кітапхана қорындағы “Ұлы даланың дана тұлғалары” сериясымен жарық көрген “Қазақ тарихындағы әйелдер” атты кітапқа топтастырылған.

Әрине, көш басында қазақ та­ри­хындағы әулие деп саналған ал­ғашқы әйел адам – Ұмай ана тұр. Ер­теде қазақтар қыздарын ұзат­қанда, неке қиғызу рәсімінде Ұмай анаға жалбарынып, одан ме­дет тілегені мәлім. Сонымен қа­тар кітапта Мөде мен Еділ патша­лар­мен есімі қатар аталатын Тұмар патшайым, Тұмардан кейін өмір сүрген, кейбір дерек­тер­де есімі Сара деп көрсетілген. Біздің за­манымыздан бұрынғы IV ғасыр­дың аяғы мен V ға­сыр­дың басын­да ел билеген, та­рихта қалған сақ әйелдерінің бірі – Зарина пат­шайым, көрнекті тари­хи тұлғалар­дың жұбайлары, өз за­манының ең әйгілі әйелдері­нің бі­рі Жәңгір ханның жары – Фа­тима ханша­йым, әкелері мен аға­ларымен бірге жоңғар­лар­ға қар­сы күрескен Абылай хан­ның қызы – Айтолқын, Қарасай ба­тырдың қы­зы – Есен­бике, атақты Бұ­ланбай ба­тырдың қызы – Ай­би­ке, Қараке­рей Қа­банбайдың жанжары, ке­йін өзі ана болып, үлкен қызы На­зымды соғысқа жіберген Гауһар батыр сияқты ержүрек аналар туралы мәліметтер қам­тылған.

Кітапқа 92 адам туралы мә­лі­меттер кірген. Ең соңында қара­пайым халыққа, кедей кепшікке кө­мектесіп, малы жоқтарға мал бе­ріп, үйі жоқтарға баспана салғы­зып, ауыл балаларын медреседе оқытқан, жұрт “Ел анасы” деп атап кеткен Ұлпанның өмірімен та­ны­суға болады. Ақылымен, өнері­мен, мейірбандылығымен ел сү­йіс­­пеншілігіне бөленген аналар­дың жарқын бейнесі қыз-келін­шек­терге әрқашанда үлгі болып қа­ла бермек. Аталған жинақты кі­тапха­на қорынан алып оқуға болады.

Лаззат ЕРҒОЖИНА,

қалалық №2 кітапхананың меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp