«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Саябақтағы сенбілік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Белсенді жас­тар Жеңіс саябағын қоқыс­тан та­зартты. “Таза Қазақстан” акциясы аясында өткен “Күшіміз – бірлікте” челленджіне облыс ор­талығында тұратын 30 жас үн қосып, игі іске атсалысты.

М.Қозыбаев атындағы Сол­түс­тік Қазақстан университеті, Мағ­жан Жұмабаев атындағы жо­ғары колледж бен Назар­баев зияткер­лік мектебінің, Жас­тар ресурстық орталығының еріктілері бірігіп, сая­бақ маңын абаттандырып, қоқыс­тан тазартты. Мұндай шара об­лыс аудандарында да өтіп, оған барлығы 160 адам қатысты.

– Мен жақында ғана ерікті атан­дым. Осыған дейін біз қа­ла­ның орталық көшелерін та­зартуға қатыстық. Бүгін Жеңіс саябағында жұ­мыс істеп жа­тыр­мыз. Біздің мек­тептен 4 оқу­шы келді. Ерікті бол­ған өзі­ме ұнайды. Осылайша мен қа­ламыздың гүлденуіне атса­лы­сып келемін, – дейді 8 сы­нып оқу­шысы Әлім Тілеужан.

Саябақтағы сенбіліктен бө­лек Жастар ресурстық орта­лы­ғының еріктілері 92 жас­тағы тыл еңбек­кері Салтай Ға­лиеваның үйіне ба­рып, аула­сын абаттандырды. Ерік­тілер мұндай сенбіліктер мен абат­тандыру жұмыстарына ма­мыр айының соңына дейін атсалысады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp