«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛҒА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ СИЫРЛАР ЖЕТКІЗІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірге Германия мен Дания корольдігінен асыл тұқымды ірі қара жеткізілді. Сауын сиырлар жаңадан ашылған тауарлы-сүт фермаларына апа­рылған. 

Асыл тұқымды ірі қараның алғашқы партиясы – 34 бас голштино-фриз сиыры Қы­зылжар ауданындағы “Моло­дое-агро” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігіне жеткізілді. Қазір ірі қара карантинде тұр. Шаруашылық Архангелка елді мекенінің маңында салы­нып жатқан тауарлы-сүт фер­масының құрылысын аяқтап, жақында пайдалануға бермек. Жаңа ферма 200 басқа шақталған.

“Тауарлы-сүт фермалары­ның ауылдарда ашылуы елді мекендерге әлеуметтік-экономикалық серпін береді. Бұл жоба толық іске қосылса, 20 адам тұрақты жұмысқа алын­бақ. Голштино-фриз тұқымы сүтті, тез жерсінеді. Инвести­ция­лық жоба аясында тағы 150 сиыр сатып әкелінеді. Нәтиже­сінде жылына 1200 тонна сүт алынбақ”, – дейді Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Шақанов.

Осындай асыл тұқымды мал бірер күн бұрын Дания ко­рольдігінен Шал ақын ауданындағы “LTD Zha-Group” тауарлы-сүт фермасына жеткізілді. 136 бас мал шілдеге дейін каран­тинде болмақ. Өйткені нысан осы уақытта пайдалануға беріледі.

“Біздің өңіріміз – тауарлы-сүт фермаларын салудан ел бойынша көшбасшы. Соңғы 6 жылда 36 осындай ферма са­лынды. Биыл тағы 8-і пайдала­нуға беріледі. Бұл сүт өндіруді арттырып, тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтама­сыз етеді”, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Ведомствоның мәліметін­ше, соңғы үш жылда өңірдің сүт өндіру кәсіпорындары жылдық қуа­тын 388,8 мың тоннадан 451,3 мың тоннаға, яғни шамамен 14 пайызға арттырды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp