«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АҚТӨБЕГЕ” ӘЛІ ЖЕТПЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Демалыс күндері футболдан ел біріншілігінің 8-ші тур ойындары өтті. Жергілікті “Қызылжар” клубы өз алаңында “Ақтөбе” командасын қабылдады.

Ойынның бірінші минуттарынан бастап қонақтар “Қызылжар” клубының қақпасын торуылдады. Әр қауіпті шабуылға жерлестеріміз қарсы шабуылмен жауап қатып отырды. Үзіліске дейін есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші таймда ақтөбеліктер шабуылдарын үдете түсті.  61-ші минутта Бауыржан Байтана есеп ашты. Ал 67-ші минутта Севальос Энрикес басымдықты еселеді. Осылайша “Ақтөбе” клубы “Қызылжар” командасын ұтып, қажетті үш ұпайды еншіледі.

Турнирлік кестеде “Ақтөбе” клубы 14 ұпаймен көш бастады, жерлестеріміз болса 8-ші орында тұр.  

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp