«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ ҚИМЫЛЫ ШИРАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Ойқала шағынауда­нын­да орналасқан штабта же­дел кеңес өткізіп, тасқын зар­дап­та­рын жою бойынша жауап­ты ведомство басшылары мен осы учаскеге бекітілген аудан әкімдері орынбасарларының есебін тыңдады.

Бүгінгі күні Ойқала және Был­ғары зауыты шағынауданында арнайы құрылған механика­лан­дырылған бригадалар 18 үйді жөндеуге жедел түрде кірісіп кет­кен. Бұдан бөлек, аулалар мен жертөлелерден 79 жоғары өнім­ді насостар арқылы қарғын су сорылуда.

“Таза Қазақстан” акциясы ая­сында сенбілік ұйымдастыры­лып, көшелерден күл-қоқыс шы­ға­рылды. Қайырымдылық ша­ра­­сына жастар, еріктілер, меке­ме қызметкерлері мен тұрғын­дар белсене қатысып, суағар­ларды, қираған баспаналарды тазалап, аулаларды ретке кел­тірді. Бағалау комиссиясы­ның шешімімен су шайған үйлер жөнделуде. Ойқалада жұмыс іс-теп жатқан Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмысшы­лары үш үйді қалпына келтір­мек.

Өңір басшысы Заречный кен­тінде де болды. Мұнда су дең­гейі әжептәуір төмендеген. 4 ау­даннан келген бригаданың қи­мылы ширақ.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp