Оқушылар сарайында белгілі дизайнер, Париж сән апталығына қатысушы, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың қатысушысы және жүлдегері Айжан Колчинамен кездесу өтті. Бұл кездесу “Ұлт мақтанышы” жобасы аясында ұйымдастырылды. Шараға қаладағы білім ордаларының оқушылары жиналды.
Кездесу барысында дизайнер өзінің кәсіби жолының қалай басталғаны, өз жұмысы мен қызметі, сән әлеміндегі танымал тұлғалармен жұмысы туралы баяндады. Италияда өткен “Oriental fashion show” сән апталығынан алған әсерімен бөлісті. Онда жерлесіміз “Феникс” коллекциясындағы ең әдемі кешкі киімдерді ұсынған. Оның сәнді коллекциясы тек отандық бұқаралық ақпарат құралдарында ғана емес, сонымен қатар италиялық журналдарда және “Madam Figaro” танымал француз басылымдарының бірінде жарияланған.
Сондай-ақ кездесу барысында оқушылар дизайнерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ол шығармашылық үдеріс, шабыт пен мамандық таңдаудың құпиялары, үнемі білім алу мен оны жетілдіруге қатысты бірқатар кеңестер берді.
Кездесу соңында Айжан Колчинаға “Ұлт мақтанышы” атты ескерткіш мүсінше сыйға тартылды.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.