«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 15.05.2024

Алтын — Алтынбекте

Алматыда қазақ күресінен Қазақстан кубогы үшін жарыс өтуде. Биылғы боз кілем бәсекесіне 17 облыс пен 3 қаладан 406 балуан қатысып жатыр. Өңір намысын “Қызылжар арландары” клубының мүшелері қорғауда. Жарыстың бірінші күнінде 100 келіде жерлесіміз Алтынбек Аусағитов Қазақстан кубогын жеңіп алды. Ол финалда Шымкент қаласының өкілі Ерсұлтан Мұзаппаровтан айласын асырып, алтын медальді қанжығасына байлады. Үздік үштікке …

Алтын — Алтынбекте Read More »

Кәсіпкерден пара алған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті өңірдегі бір аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 10 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілерге “қамауда ұстау” түріндегі …

Кәсіпкерден пара алған Read More »

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАҒАН

Петропавлдың 47 жастағы тұрғыны өз үйінде асылып қалды. Ер адамның суицид жасағандығы туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. 10 мамыр күні өз үйінде асылып тұрған 47 жастағы ер адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама түсті. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. …

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАҒАН Read More »

Қашып құтыла алмады

Петропавл қаласына жақын маңда Челябі – Новосібір автожолында жылдамдықты асырып, тәртіп сақшыларының заңды талабын елемеген жүргізушіні тоқтату үшін патрульдік полицияның бірнеше экипажы жұмылдырылды. Қала сыртында жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатылған жүргізуші ереже бұзғанын мойындамай, облыс орталығына қарай бет алып, жасырынбақ болған. Полицейлер жүргізушіні Партизан және Мағжан Жұмабаев көшелерінің қиылысында тоқтатты. Ер адам жол жүру қағидаларын бұзғаны …

Қашып құтыла алмады Read More »

Серілер сүйген сұлулар

Ақан сері атындағы облыстық филармонияға жиналған әнсүйер қауым “Серілер сүйген сұлулар” атты концертті тамашалады. Жанат Айтбаев, Біржан Есжан, Еркебұлан Қарыпов,  Ғалымжан Нұрпейісов сынды есімдері өңір жұртшылығына белгілі әншілердің өнерлерін жұртшылық жылы қабылдады. Салсерілердің ғашықтық-лирикалық әндері шырқалған концертте “Әлқисса” фольклорлық ансамблі мен “Әдемі-ау” халық би ансамблі де өнер көрсетіп, көрермен  қошеметіне бөленді. Қазақ тарихында алтын дәуір …

Серілер сүйген сұлулар Read More »

Жердегі жұмақ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Жұмағым” атты драма сахналанды. Қойылымда отбасы, бала-шағасы үшін зыр жүгірген ана, абыройын араққа айырбастаған, ұрпағы алдындағы жауапкершілігін ұмытқан маскүнем әке, ата-ана қадірін сезбеген, өздері үшін ғана өмір сүріп жүрген ұл мен қыздың іс-әрекеті суреттелген. – Бұл спектакль – Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Барзу Абдураззаковтың туындысы. Ол кісінің …

Жердегі жұмақ Read More »

Салғырттық себеп

Есіл ауданындағы Соленое көлінде балықтың қырылуына жеке кәсіпкердің бейғамдығы себеп болған. Аэрация жұмысы­ның уақытылы жүргізілмеуінен су жәндіктеріне оттегі жетпей, тұншығып өлген. Жауапты мамандар Покровка елді мекенінің маңындағы Соле­ное көлінде балықтың қырылған­дығын әлеуметтік желіге мони­торинг жүргізу барысында сәуір айында білген. Істің анық-қа­нығына жету үшін оқиға орнына жұ­мыс тобы аттанды. Оның құра­мына мемлекеттік органдар, инс­пекция, экология департаменті­нің, …

Салғырттық себеп Read More »

Электрондық талон алу тәртібі

Электрондық талон алу сер­ви­сі 2022 жылдың сәуір айында енгізілген. Былтыр 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы бес айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті. 2023 жылдың желтоқ­са­нын­да пайдаланушыларға үш мыңға жуық, ал сәуірде он екі жарым мыңнан астам талон берілді. Айта кетейік, электрондық та­лонды “ХҚКО” қосымшасы арқы­лы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға бо­лады. Ол үшін қосымша …

Электрондық талон алу тәртібі Read More »

Уақыт қалтарысында қалған тұлға

Өткен ғасырдағы ұлт тарихына көз жүгіртіп қарайтын болсақ, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшін жаңа идеялар мен қозғалыстар кең өріс алған, азаттық үшін күрестің жаңа толқыны елдің санасын оятқан, өзгерістер мен қақтығыстарға толы уақыт болғаны байқалады. Бұл бірнеше ғасыр бодандықта болып, басқадан артта қалып, қалың ұйқыда жатқан халықтың бас көтерер оқығандарының …

Уақыт қалтарысында қалған тұлға Read More »

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ”

Бүгінгі қоғамның келбеті жайлы сөз қозғалғанда түрлі пікірлер айтылады. Сынаушылар да бар, үмітпен қараушылар да көп. Себебі қазіргідей аумалы-төкпелі заманның құндылығы қым-қиғаш. Осының әсерінен болар біздің қоғамды түрлі мәселелер толғандырады. Оларға жауап табу да қиын. Өңірімізге белгілі клиникалық психолог, “Рух” психология және тұлғаны дамыту орталығының басшысы Резеда Баймұхаметовамен жанымызды ауыртқан кейбір жайттар жайлы сұхбаттасқан едік. …

“ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІН ТАЛҚЫЛАУ — ӨЗ МӘСЕЛЕМІЗДІ ҰМЫТТЫРАДЫ” Read More »

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ КЕРЕК”

Не үшін депутат болдым? Депутаттық – қоғамдық қыз­мет. Қарапайым халық арасын­да өмір сүріп жатқан адамға қо­ғамдағы өзекті мәселелер мен көкейкесті сұрақтар етене та­ныс. Мәселелер мен қажеттілік­терді жете білем дегеніммен, жергілікті өкілетті органдардың қызметін түсініп, олармен жұ­мыс істеу тәсілдерін үйрену ке­рек. Сонымен қатар бойыңда стратегиялық көзқарас, кому­никативті қарым-қатынас, ме­диа және саяси сауаттылық сияқ­ты дағдыларды жетілдіру қажет. …

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” ЖОБАСЫ АУЫЛДАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ КЕРЕК” Read More »

Жол ережесіндегі өзгеріс

“Жол жүрісі туралы” заң­ға және Әкімшілік құқық бұ­зу­шылық туралы” кодекске мопед­терге қатысты жаңа ереже енгізілді. Мопед жүр­гі­зуші­лері жол қозғалысы­ның толыққанды қатысу­шыла­рына теңестірілді. Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы кодекске тиісті өзгерістер енгі­зілді. Енді мопед тізгіндеген­дер де уәкілетті органда міндетті тіркеуден және жыл сайынғы техникалық бай­қаудан өтуі ке­рек. Сонымен қатар азаматтық-құқық­тық жауапкершілі­гін мін­детті сақ­тандыруы тиіс. Мопед жүргізушілеріне қойыл­­ған …

Жол ережесіндегі өзгеріс Read More »

ЖАУЫНГЕР ҰСТАЗ

Ұлы Отан соғысының қанды шайқастары мен жеңісті жылдары тарих қойнауына енсе де, Отанымызды қорғаған жауынгерлеріміздің есімдері ешқашан санамыздан өшпейді. Өйткені олар – қан майданда жау оғына кеудесін тосып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткендер. Жыл өткен сайын соғыс ар­да­гер­лерінің қатары сиреп ба­рады. Жеңісті жақындатқандар қатарында соғыстан оралған­нан кейін ел экономикасын қал­пына келтіру үшін барын сала жұмыс істеген …

ЖАУЫНГЕР ҰСТАЗ Read More »

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ

Өңірімізге жұмыс сапары­мен “Атамекен” ұлттық кәсіп­керлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Ти­мур Нақыпбеков пен Ұлттық экономика министрлігі депар­та­ментінің директоры Нұрбол Жаңабеков келді. Олар Петро­павлда су тасқыны салдары­нан бизнес субъектілеріне кел­тірілген залалды өтеу жөніндегі өңірлік комиссияның отыры­сына қатысты.  Петропавлдағы Косогор ша­ғын­­­ауданында жеке кәсіпкер Лю­бовь Афанасованың “Наш” дү­ке­­ні орналасқан. Жарты жыл­дан соң зейнет демалысына шыға­тын қала тұрғыны су …

ЗАЛАЛ ТОЛЫҚ ӨТЕЛЕДІ Read More »

ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПОРЫНМЕН КЕЛІСТІ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада ірі панельді баспана салуға маманданған “Үй құрылысы комбинаты GLB” зауытының басшылығымен кездесті. Олардың көмегімен “Kaspi” АҚ-ның қаражатына “Солнечный-2” шағынауданында 300 тұрғын үй салынады. Аталған кәсіпорынмен ынтымақтастық тасқыннан зардап шеккендерге тез арада үй салуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталған шағынауданда “Қазақстан халқына” қорының қаражатына 100 үй салынып жатыр. Сондай-ақ “Kazakhmys” корпорациясы …

ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПОРЫНМЕН КЕЛІСТІ Read More »

СУ БАСҚАН ЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Су тасқыны автомобиль жолдарын басып, өңір тұрғындарының аудан мен қалаға қатынауына біраз қиындықтар тудырғаны белгілі. Әсіресе кейбір республикалық маңызы бар жолдардың жиектері көлік жүргізушілері үшін қауіп төндірді. Су тартылысымен аталған орындарда жөндеу жұмыстарын бастаған “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы облыстық филиалының басшылығымен хабарласып,  мән-жайды білдік. “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясы облыстық филиалы  директорының орынбасары Қанат Өсербаевтың айтуынша, үстіміздегі жылдың …

СУ БАСҚАН ЖОЛДАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ? Read More »

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов БАҚ қызметкер­лерімен бірге облыс орталығын аралап, журналистерді тас­қыннан кейінгі зардаптарды жою, шеткері аудандар­дан су сору, жаңа үйлердің құрылыс жұмыстарымен таныс­тырды. Баспасөз туры тұрғындар үшін 500 үй бой көтеретін “Солнечный-2” шағынауданы­нан басталды. Мұндағы алғашқы 100 үй салынып жа­тыр. Құрылысты маусым айын­да аяқтау жоспарланған. “Зерт­теу СК”, “Основание”, “ADA Групп”, “Петроремстрой” сын­ды жалпы саны …

Қалпына келтіру жұмыстары — журналистер назарында Read More »

БОЙ ТҮЗЕЙДІ ЖАҢА ҮЙЛЕР

“Қазақстан халқына” қоры, “Ka­zakhmys” корпорациясы және облыс әкімдігі 100 үй салу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды бас­панамен қамтамасыз ету қа­жеттілігін ескере отырып жасал­ған. Құжатқа сәйкес, облыс әкім­дігі ұсынған типтік жоба бойын­ша Петропавл қаласының “Сол­нечный 2” шағынауданында 100 тұрғын үй салынбақ. Меморандум аясында “Kazakhmys” корпорациясы 100 үйдің құрылысы аяқталғаннан кейін мердігерлерге …

БОЙ ТҮЗЕЙДІ ЖАҢА ҮЙЛЕР Read More »

МӘМС-тегі мәртебеңіз қандай?

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы солтүстікқазақстандықтардың жиі қоятын бірқатар сұрақтарына жауап берді. Жуырда филиал маманда­ры­на “Мен жұмыс істемейтін жүкті әйелдер” жеңілдік санатына кіре­мін, бірақ тіркелген жеке кәсібім бар. Жеңілдік санатына кіретін­дер жарна төлеуден босатылады деп естідім. Жеке …

МӘМС-тегі мәртебеңіз қандай? Read More »

Су орталығы құрылмақ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универ­ситетінің агротехнологиялық факультеті Аризона және Қытайдағы Солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университеттерімен халықаралық су ресурстары ғылыми орталығын құру туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Серіктес университеттер ор­на­ласқан аймақтардың климат­тық жағдайлары ұқсас. Жауын-шашын деңгейі төмен аймақтар­да орналасқандықтан ғалымдар ауыл шаруашылығы мен қалалық агломерациялар үшін су ресурс­тарын пайдаланудың ұтымды технологияларын әзірлейтін бо­ла­ды. М.Қозыбаев атындағы …

Су орталығы құрылмақ Read More »