Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті өңірдегі бір аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Лауазымды тұлғалар аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 10 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Тергеу сотының санкциясымен күдіктілерге “қамауда ұстау” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.