Электрондық талон алу сервисі 2022 жылдың сәуір айында енгізілген. Былтыр 60 мыңнан астам талон алынған. Соңғы бес айда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсті. 2023 жылдың желтоқсанында пайдаланушыларға үш мыңға жуық, ал сәуірде он екі жарым мыңнан астам талон берілді.
Айта кетейік, электрондық талонды “ХҚКО” қосымшасы арқылы ресепшн бағанындағы QR-кодты сканерлеу арқылы алуға болады. Ол үшін қосымша арқылы халыққа қызмет көрсету орталығына алдын ала онлайн брондау рәсімделуі қажет. Сондай-ақ қызмет екінші деңгейлі банктің қосымшаларының бірінде қолжетімді.
– Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ онлайн режімде алуға болады. Егер тек ХҚКО-да көрсетілетін қызмет қажет болса, онда кезекті алдын ала брондап, жазылған уақытта келу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жағдайда ресепшндегі маманға жүгінудің қажеті жоқ. Осылайша сіз көрсетілетін қызметті алушылардың уақытын ғана емес, сонымен қатар талондарды шығаруға кететін қағазды да үнемдей аласыз, – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
“Азаматтарға арналған үкімет” мамандары мобильдік қосымшаны қолдану тәжірибесін талдап, оны клиенттерге ыңғайлы болу үшін қайта өзгертуге ниетті.
Анар ҚҰСАНОВА,
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша PR-менеджері.