«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ МОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” Жолдауында алдағы орта мерзімдік жұмыстардың ба­ғыт-бағдары айқындалып, тапсырмаларды жүзеге асы­рудың нақты міндеттері жүктелді. Президент өз сө­зінде мемлекеттің басты мақсаты – әрбір қазақстан­дықтың әл-ауқатын жақсарту дей келіп, кең ауқымды саяси өзгерістермен шектеліп қалмай, оны түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік эко­номикалық реформа­мен ұштастырудың қажеттілі­гін айрықша атап көрсетті.

Азық-түлік қауіпсіздігі және де­мографиялық тұрғыдан ор­нық­ты даму ең өзекті мәселеге айналып отырған кезеңде, бұдан бөлек, адамзат тарихында бұ­рын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғанын ескерсек, осындай маңызды шақта эконо­ми­калық серпіліс жасау басты бағ­дарға айналуы заңды құбы­лыс дер едік. Бұл орайда, игеріл­меген резервтерді іске қоса біл­сек, өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуеті артып, бәсекелестік ар­тықшылықтары айқын білінер еді. Мемлекет басшысы еліміз­дің мықты өнеркәсіптік негізін қа­лыптастыруға және экономи­ка­мыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету жайы­на ден қойды. Бұл ретте импорт­қ­а тәуелділікті азайтуға игі әсері мол жергілікті өнім үлесіне негіз­делген жоғары өндіріс кешенін құ­ру талабы бар. Тағы бір аса ма­ңызды міндеттің бірі – агроөнер­кә­сіп кешенінде жергілікті өнім­дерді үзіліссіз өндіретін өндіріс орындарын құру. Ауыл шаруа­шы­лығы саласының әлеуеті ора­сан зор екеніне аудан өмірінен нақты мысалдар келтіруге бола­ды. Жолдауда айтылғандай, жыл­дар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орны­мыз­ды сақтап қалудың мәні ай­рықша. Егіншілікке маманданған аудан болғандықтан, бұл салаға басымдық берілетіні түсінікті. Ауыл шаруашылығы дақылда­ры­ның көлемі 300 мың гектардан асып жығылады, оның ішінде май­лы дақылдардың үлесі ар­тып келеді. Топырақ құнарлы­лы­ғын жақсарту мақсатымен биыл 293 мың гектар алқап 19 мың тон­наға жуық минералдық тыңайт­қышпен байытылады. Ол үшін келісімшарт жасалып, 12 мың тон­насы жеткізілді. Қамбаларға құйып алынған 2987 тонна тұ­қым­ талапта­рға сай. Бүгінде көктемгі дала жұ­мыстары басталып кетті. Агроқұрылымдар ылғал жабу­мен жаппай айналысуда. Жоға­ры ұйымшылдықты қажет ететін жауапты науқанға 730 трактор, 1296 сепкіш, өнімділігі жоғары 56 егіс кешені, техни­каларды жөн­деуге 16 жылжымалы шебер­ха­на тартылатын болады. Жыл ба­сынан бері машина-трактор пар­кі 30 техни­камен толықты. 4775 тонна дизель отыны, 740 тон­на бензин, 195 тонна мотор ма­йын уақыты­лы жеткізуді опера­торлар қамта­масыз етеді. 36 ша­руа­шылықтың жеңілдікті несие алу өтініштерін кредиттік ұйым­дар мақұлдады.

Жолдауда ет, сүт, астық өнім­дерін терең өңдеу бағытына ба­сымдық беру талабы қойылды. Біз бұл мәселені де басты назар­да ұстаймыз. Биыл үш айда 1,5 млрд. теңгенің мал өнімдері, та­рата айтсақ, 800 тонна ет, 2,4 мың тонна сүт, 165 мың дана жұ­мыртқа өндірілді. Мал басы, оның ішінде ірі қара – 24,4 мың, қой – 30,9 мың, жылқы 15,8 мың басқа жетті. Төрт түліктің көбеюі­не орай соңғы үш жылда 92750 гектар жер мемлекеттің меншігі­не қайтарылып, 29786 гектары елді мекендерге жайылым ретін­де бөлініп берілді.

Эконо­миканы әртараптан­дыру­дың пай­далы тұстары көп. Соның бірі – қар­жы тартудың оңтайлы жол­дарын іздестіру. Жыл басынан бері ауданға 2613,7 млн. теңге мөлшерінде ин­вестиция құйыл­ды, оның 1803,2 млн.-ы – жеке қар­жыгерлерге тиесілі. Прези­дент инвестиция­ның тапшылы­ғы болашақта то­қырауға әкеп соқ­тыратынын, бү­гінде оның жетіс­пеуі экономи­каның өсімін тежеп тұрған басты мәселе екенін ес­кертті. Былтыр еліміз бойынша негізгі капиталға салынған қара­жат ішкі жалпы өнімге шаққанда небәрі 15 пайыз ғана болуы біраз жайтты аңғар­тады. Осыған орай макроэконо­ми­калық саясатты қайта қарап, жаңарту ұсынысы құптарлық. Баға тұрақты болса, инвестиция­ны нақты жоспар­лау­ға мүмкіндік туады. Қаржы ұйым­дары да кәсіпорындарға сенім­мен несие бере алады. Сонымен қатар монополистердің жауап­кер­шілігі артады. Бұл салаға цифр­лық бақылау тәсілдері енгі­зіл­се, сол арқылы тарифтік сме­та және инвестициялық бағдар­ламалар туралы ақпаратқа қолжетімділік артар еді.

Жолдауда атап өтілгендей, қа­зір көптеген елдер ішкі нарық­ты қорғау шараларын белсенді қолданады. Дамыған мемлекет­тердің өзі протекционистік өнер­кәсіп саясатына көше бастады. Мұның өзі жергілікті жерлерде өнім өндірушілер мен ұлттық биз­нес мүддесін қорғауды міндет­тей­ді. Сатып алу үдерісі оңтай­ланса, сапа қағидатына басым­дық беріледі. Түрлі келеңсіздік­терге тосқауыл қойылады. Стра­тегиялық маңызы бар міндеттің бірі – көлік-логистика саласының әлеуетін толық пайдалану жайы көптен бері айтылып келсе, енді бұл саланы экономикамызды ал­ға бастайтын басты күшке ай­налдыру мүмкіндіктері қарасты­рылып отыр. Президент жолдың сапасыздығын сынға алып, оған бақылауды күшейтіп, жаңа нор­мативтік құжаттар қабылдау қа­жеттігін алға тартты. Ауылдық­тар үшін жол-көлік қатынасы үл­кен рөл атқарады. Сондықтан оның қарқынды дамуына мүдде­ліміз. Өткен жылы аудан жолда­рын жөндеуге 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 10 жоба ая­сында 63,4 шақырым облыстық, аудан­дық, жергілікті маңызы бар жол­дар қалпына келтірілді. Май, Лен­инград, Горький, Ұялы елді ме­кен­дерінде ауылішілік жолдар жөн­делді. Бостандық – Кеңащы ба­ғыты бойынша 26 шақырым жолды жөндеуге техникалық-құ­жатты рәсімдеу аяқталды. Каз­городок-Горький бағытындағы жолдар да талапқа сай болады деген сенімдеміз. “Ауыл – ел бе­сі­гі” бағдарламасы аясында 79 млн. теңгеден астам қаржыға Талшық, Дәуіт және Ащыкөл ауылдарын­да электр желілерін салуға келі­сім­­шарт жасалды. Бүгінгі күні бар­лық құрылыс-монтаж жұмыс­та­ры бітуге таяу. 2023 жылдың қа­зан айынан бері аудандық электр жүйесіне 125 өтініш түсіп, 125 пә­тер қосылды. Жобаны іске асыру 1кВт үшін тарифті 34 теңге 28 тиыннан 17 теңге 56 тиынға де­йін азайтуға мүмкіндік берді. Жа­ңартылатын энергетика жо­ба­лары одан әрі жалғасады. Бес­те­рек орта мек­тебінің шатыры жа­ңартылды. Талшық ауылында жа­бық хоккей корты пайдалануға бе­рілді. Горь­кий ауылында ауыл­дық клубтың құрылысы бас­талды.

Жолдауда әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге баса көңіл бөлінген. Зиянды еңбек жағда­йында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүр­ген адамдарға зейнет жасы­на толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеу­меттік төлем төленеді. 2024 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап ең тө­менгі жалақы мөлшері – 85 мың тең­геге дейін көтерілді. Бұл ша­ра бюджет саласында еңбек ете­тін 350 мың азаматтың әл-ауқа­тын арттыруға септігін тигізді. Әлеуметтік саладағы негізгі мін­деттің бірі – халықты жұмыспен қамту. Жыл басынан бері 954 адамға мемлекеттік қолдау ша­ралары көрсетілді, олардың 166-сы атаулы әлеуметтік көмек алды. Жұмыс беру­шілердің қа­тысуы­мен 2 бос орын­ жәрмең­кесі өткізіліп, 88 жұмыс орны ұсыныл­ды. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға, яғни қысқа мер­зімді кәсіптік оқытуға 22 адам, ақылы қоғам­дық жұмыс­тар­­ға – 88, әлеуметтік жұмыс орын­да­рына – 17, жастар тәжі­ри­бесіне 9 адам жіберіліп, 145 адам жұмыс­қа орналасты­рыл­ды.

Сапалы ауызсумен қамту – бас­ты мәселелердің бірі. 24 ауыл түгелдей санитарлық-гигие­налық талаптарға толық жа­уап беретін тіршілік көзін тұты­нады. 13701 адам тұратын 21 ауыл орталықтандырылған топ­тық су жүйесіне қосылған. Аудан орталығы – Талшықта орталық қазандық жұмыс істейді. Оған 14 әлеуметтік-мәдени нысан, 87 бас­пана қосылған. Биыл пайда­лануға берілетін жылу жүйесінің жобалық құны – 1792,7 млн. тең­ге. Жалпы ұзындығы – 12,9 ша­қы­рым. Былтыр 542 млн. теңге бөлініп, игерілді. Оның суын 570 үй тұтынатын болады.

Қазақстан – әлемдегі жас мем­лекеттің бірі. Тұрғындардың орта жасы – 32, үштен бірі – жас­тар. Жолдауда Үкіметтің назары қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілетін арт­тыруға аударылды. Адал азамат және тұғырлы тұлға бо­лудың негізі бала кезден қалып­та­сады десек, жас ұрпақтың алаң­сыз өмір сүруіне білім ұйым­дары да тікелей жауапты. 24 мек­тепте 2146 оқушы оқиды. Білім ошақта­рына “Дипломмен – ауыл­ға!” бағ­дарламасы шеңбе­рінде 19 дип­ломды жас маман келді, олар­дың 8-і – жоғары, 1-і – орта арнау­лы білімді. Білім ғимарат­та­рына жөндеу жүргізу­ге 7 млн. теңге жұмсалып, 26 млн. тең­геге 7 қазандық сатып алынды. 3 мек­тепке күрделі жөн­деу жүргі­зіл­ді. 3 мектепке 3 млн. 100 мың тең­геге жиһаздар, 24 мек­тепке 12 млн. 800 мың тең­геге спорттық жабдықтар сатып алынды.

Ауданда спорт саласы да жақс­ы дамып келеді, жетістікте­ріміз аз емес. 6325 адам спорт­пен жүйелі түрде айналысады. Олар үшін 104 спорт ғимараты­ның есігі әркез ашық. Стадион, спорт кешені, 11 ашық хоккей корттары, 28 спорт залдары жұ­мыс істейді. 7 спорт түрінен “Ақ­шақар – 2024” спорт мерекесі жо­ғары деңгейде өткізілді. Қазіргі таңда “Ақбидай – 2024” жазғы спорт мерекесі бағдарламасы бойынша іріктеу ойындары бас­та­лып кетті. Финалдық ойындар спорттың 11 түрінен Горький ауылында ұйымдастырылады.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Герлиц – мақтанышымыз. Ол – 2022 жыл­ғы қысқы Паралимпиада ойын­да­рының қола жүлдегері. Аман­дық Серікбол – Азия чемпиона­ты­ның күміс жүлдегері, Максим Артемьев – гір спортынан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері. Биыл Астана қала­сын­да әйелдер арасындағы кү­рес­тен өткен Қазақстан чемпио­натында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің нұсқаушысы Екатерина Бель­чен­ко жүлделі үшінші орын иеленді.

Биыл 2 спорт алаңының құ­рылысы басталды. Айсарыдағы шағын футбол алаңына жергі­лікті бюджеттен 8,239 мың, Горь­кийдегі шағын футбол-волейбол алаңына 17,569 мың теңге қа­растырылған.

Әрбір азамат, әсіресе, жас­тар жағы спортпен, басқа да пай­далы қоғамдық істермен жүйелі түрде шұғылданса, ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, елі­міз­дің отаншыл, еңбекқор, білім­ді ұрпағы болып қалыптасары талассыз.

Қанат ҚАЛИЕВ,

Ақжар ауданының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp