«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПОРЫНМЕН КЕЛІСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Астанада ірі панельді баспана салуға маманданған “Үй құрылысы комбинаты GLB” зауытының басшылығымен кездесті. Олардың көмегімен “Kaspi” АҚ-ның қаражатына “Солнечный-2” шағынауданында 300 тұрғын үй салынады.

Аталған кәсіпорынмен ынтымақтастық тасқыннан зардап шеккендерге тез арада үй салуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда аталған шағынауданда “Қазақстан халқына” қорының қаражатына 100 үй салынып жатыр. Сондай-ақ “Kazakhmys” корпорациясы “Қазақстан халқына” қоры арқылы тағы 100 үйдің құрылысын бастады. Бекітілген үш жоба бойынша 500 үй салу жоспарланған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp