«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол ережесіндегі өзгеріс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жол жүрісі туралы” заң­ға және Әкімшілік құқық бұ­зу­шылық туралы” кодекске мопед­терге қатысты жаңа ереже енгізілді. Мопед жүр­гі­зуші­лері жол қозғалысы­ның толыққанды қатысу­шыла­рына теңестірілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы кодекске тиісті өзгерістер енгі­зілді. Енді мопед тізгіндеген­дер де уәкілетті органда міндетті тіркеуден және жыл сайынғы техникалық бай­қаудан өтуі ке­рек. Сонымен қатар азаматтық-құқық­тық жауапкершілі­гін мін­детті сақ­тандыруы тиіс.

Мопед жүргізушілеріне қойыл­­ған жаңа талап – “А1” са­натындағы жүргізуші куәлігін алу. Ол “А”, “В” және “С” санатындағы жүргізуші­лер­ге қосымша дайын­дықсыз авто­матты түрде ұсыны­лады. Қазіргі уа­қытта мопед мін­гендерге жүргізуші куә­лігін алу үшін 6 ай уақыт бері­леді.

Мас күйінде мопед жүр­гізгендер кодекстің 440-бабы бойынша жауапкершілікке тар­тылады. Яғни 5 АЕК көле­мін­де айыппұл салынады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp