«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘМС-тегі мәртебеңіз қандай?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы солтүстікқазақстандықтардың жиі қоятын бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Жуырда филиал маманда­ры­на “Мен жұмыс істемейтін жүкті әйелдер” жеңілдік санатына кіре­мін, бірақ тіркелген жеке кәсібім бар. Жеңілдік санатына кіретін­дер жарна төлеуден босатылады деп естідім. Жеке кәсібім үшін жүргізілген төлемдерді қайтарып ала аламын ба?” – деген сауал түсті.

“Міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру туралы” Заңға сәйкес, жұмыс істемейтіндер үшін МӘМС жарналарын мем­лекет төлейді. Егер жүкті әйел еш жерде жұмыс істемесе, алайда ЖК ретінде тіркелген болса (оның қызметі ресми тоқтатылмаған болса), барлық тиісті төлемдерді (зейнетақы, әлеуметтік, кіріс са­лығы) жүргізіп отырғандықтан, жұ­мыс істейтіндер қатарына кіреді. Яғни жеңілдік санатынан шығып қалады. Сақтандырылған мәртебесін сақтау үшін, жеке кәсібі үшін МӘМС жарналарын төлеу қажет.

МӘМС-ке енгізген төлемдерді қайтаруға немесе оларды басқа адамға беруге болмайды, себебі жүйе қаражатты дербес бөлуді қарастырмайды. Барлық жарна­лар мен аударымдар Ұлттық банктегі шотта жинақталады жә­не ол жерден барлық сақтан­ды­рылған тұтынушылардың меди­циналық қызметтерін төлеуге бағытталады.

Тұрғындардың денін “Жеке кли­никада МӘМС бойынша тек­серілуден өтуге бола ма?” – деген сауал мазалайды. Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда қормен шартқа отырған жеке кли­никаларда консультациялық-диаг­ностикалық қызметтерді алу­ға болады. Ол үшін өз емхана­ңыз­дан жолдама қажет. Медици­налық қызмет көрсетушілердің тізі­мімен қор сайтына кіріп, “МӘМС-гид”, ары қарай “Па­циент­тер үшін”, содан кейін “Кли­никаны таңдау” батырмасын басу арқылы танысуға болады (https://fms.kz/osms-guide/patient/vybrat-kliniku/). “МӘМС үшін қате төленген жар­на­ларды қалай қайтаруға бола­ды?” – деген мазмұндағы хаттар да аз емес.

Қате рәсімделген (мысалы, басқа кезең көрсетілген) төлем­дерді қайтару үшін “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ-да өтініш жазу қа­жет және төлемді растай­тын құ­жат­тарды қоса ұсыну қажет (ны­сан fms.kz сайтында “ОСМС-гид” бөлімінде жарияланған). Өтінішті https://eotinish.kz/ элек­тронды платформасы арқылы бе­руге болады. МӘМС-ке төленген тө­лемдерді басқа кезеңдерге қайта бөлуге болмайды, тек кері қай­тара алу мүмкіндігі қарасты­рыл­ған.

Күндізгі оқу бөлімінің студент­тері МӘМС-ке жарна төлемейді, себебі жеңілдік санатына кіреді. Сондай-ақ жұмыс берушілер күн­дізгі оқу бөлімінде оқитын сту­денттер үшін МӘМС-ке аударым­дар жасаудан босатылған. Са­лық заңнамасына сәйкес шаруа қожа­лығы қандай да бір басқа ны­санда рәсімделмеген болса, ол ЖК ретінде қарастырылады. Егер ЖК қызметін тоқтатпаған болса, ол өзі үшін 1,4 ЕТЖ-ның 5 пайызын төлейді. Осы ретте негізгі жұмысында да жарналар төлеп, аударымдар жасауы ке­рек. Яғни барлық кіріс көздерінен төлем жүргізіледі.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ облыс бойынша филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp