«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Педагогтарды жаңаша аттестаттау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл аттестаттаудан өткен мұғалімдерге біліктілік санат­тары беріледі және соған сай ең­бекақысына үстемеақы қосыла­ды. Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігінің педагог­тарды аттестаттаудан өткізу қа­ғи­далары мен шарттарын бекі­ту туралы бұйрық жобасы жа­рия­ланды. Құжатта ЖОО-дан кейін автоматты түрде берілетін “пе­дагог” санаты үшін тестілеу нә­ти­жесі, біліктілік санатын мер­зімінен беру тәртібі алынып тас­талды. Мүгедектігі бар адам­дарға көмекші тағайындау тура­лы шарттармен толықтырылды. Оған қоса, ереже бұзған педа­гогтардың санатын төмендету шарттары нақтыланды.

Оқу-ағарту министрлігінің бас­пасөз қызметі жаңа бұйрық жобасын негізге ала отырып, биыл педагогтарды аттестат­таудың қалай өтетінін түсіндірді.

Аттестаттау біліктілік баға­сы, педагог білімін бағалау, қыз­мет нәтижелерін кешенді тал­дамалық жинақтаудан тұрады. Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасар­лары қосымша сұхбаттасудан өтеді. Бұрын эссе жазу талабы бар еді, биылдан бастап ол алынып тасталды.

Педагогтарды аттестаттау бес жылда бір рет өткізіледі. Бі­лім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасар­лары үш жылда бір рет аттес­тат­таудан өтеді. Бұрын аттес­тат­тау кезеңі деп қаңтар-мамыр, тамыз-желтоқсан аралығы саналса, бұйрық жобасында бі­ліктілік санатын соңғы берген (растаған) күннен бастап келесі аттестаттау мерзімі басталған­ға дейін немесе мерзімінен бұ­рын аттестаттау үшін жағдай­лар болғанға дейінгі уақыт ара­лығы деп белгіленіп отыр.

Білім беру ұйымы жыл сайын 1 маусымға дейін алдағы оқу жылына аттестаттау жоспа­рын жасайды және бекітеді. Ат­тестаттау жылына 1 рет өткізі­леді, рәсімдердің мерзімдері сәйкесінше ережелерде айқындалады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp