«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Салғырттық себеп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданындағы Соленое көлінде балықтың қырылуына жеке кәсіпкердің бейғамдығы себеп болған. Аэрация жұмысы­ның уақытылы жүргізілмеуінен су жәндіктеріне оттегі жетпей, тұншығып өлген.

Жауапты мамандар Покровка елді мекенінің маңындағы Соле­ное көлінде балықтың қырылған­дығын әлеуметтік желіге мони­торинг жүргізу барысында сәуір айында білген. Істің анық-қа­нығына жету үшін оқиға орнына жұ­мыс тобы аттанды. Оның құра­мына мемлекеттік органдар, инс­пекция, экология департаменті­нің, ветеринария қызметінің өкілдері және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пай­да­лануды реттеу басқармасының, балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының маман­дары кірген. Көлден 1,5 центнер өлген тұқы балығы жинап алын­ды.

“Экология департаменті мен ветеринарлық қызмет балықтың қырылуына не себеп болғанын анықтау үшін көл суын, өлген балықтың сынамасын алды. Бү­гінде оның қорытындысы белгілі. Балық қыста оттегінің жетіспеу­шілігінен қырылған. Бұл факті бойынша инспекция көлді пай­даланушыны жауапқа тарту үшін құжат жинап жатыр”, – дейді Есіл облысаралық бас­сейндік балық шаруашылығы инс­пекциясының бөлім басшысы Ильдар Какимов.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы мәлім еткендей, Соленое көлін “Чекунов” жеке кәсіпкерлігі жалға алған. Су ай­дыны 58 гектар аумақты алып жатыр. Көлдің орташа тереңдігі 1-2 метрден аспайды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp