Петропавл қаласына жақын маңда Челябі – Новосібір автожолында жылдамдықты асырып, тәртіп сақшыларының заңды талабын елемеген жүргізушіні тоқтату үшін патрульдік полицияның бірнеше экипажы жұмылдырылды.
Қала сыртында жылдамдықты асырғаны үшін тоқтатылған жүргізуші ереже бұзғанын мойындамай, облыс орталығына қарай бет алып, жасырынбақ болған. Полицейлер жүргізушіні Партизан және Мағжан Жұмабаев көшелерінің қиылысында тоқтатты. Ер адам жол жүру қағидаларын бұзғаны және полицейлердің заңды талабын елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Биылғы төрт айдың ішінде облыс жолдарында жылдамдықты асыру салдарынан екі жолкөлік оқиғасы орын алып, салдарынан 8 адам зардап шекті. Қазір өңірде “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Алғашқы күндері жылдамдықты асырудың – 184, жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерін бұзудың – 12 фактісі анықталды, сондай-ақ 18 мас жүргізуші ұсталды.
Александр РОЗБАХ,
жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі.