«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құмар ойыннан шектеу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Туризм және спорт министрлігінің туризм индуст­риясы комитеті – еліміздегі құмар ойындар саласына жауапты уәкілетті орган онлайн форматта ойынқұ­мар­лықтан бас тартуға өтініш беретін функцияны ой­лап тапты.

Ведомствода құмар ойын­дарға қатысудан және цифрлық форматтағы бәс тігуден өз бе­тінше шектеу бойынша опция әзірленіп, іске қосылды – мұны қазақстандықтар “eGov mobile” қосымшасы арқылы жүзеге асы­ра алады.

“МТС eGov” арқылы өзін-өзі шек­теу мүмкіндігін іске қосып қана қоймай, бұл туралы халық­ты барынша хабардар етті. Ми­нистрлік бұл қызметті ілгерілету үшін кең әлеуметтік жарнама­лық науқан жүргізді. Еліміздің он өңірінде 200-ден астам баннер мен билборд ілінді.

Енді Қазақстан тұрғындары “еGov mobile” мобильді қосым­шасы арқылы алты айдан бір жыл­ға дейінгі мерзімге құмар ойындарға және бәс тігуге қа­тысуын ерікті түрде шектеу ту­ралы бірден өтініш бере алады. Жаңа қызмет өтінімдерді өңдеу­ге кететін уақытты айтарлықтай азайтады және құмар ойындар­дан құтылу про­цесін жеңілдетеді. Бұл кез келген азаматқа, әсіресе шамадан тыс ойнауға бейім адамдарға Қазақ­станда лицензиясы бар барлық ресми ойын алаңдары мен он­лайн букмекерлік платфор­маларға қолжетімділікті дереу шектеуге мүмкіндік береді.

Министрлік енгізген опция өте тиімді болып шықты: бұрын офлайн-жазбаша өтінішті үш жылда небәрі 5 мың адам бер­ген, ал бүгінгі күні бір айда еліміздің 60 мыңға жуық тұрғыны онлайн-режімде құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше шек­телген. Бұл процесті өзін-өзі шек­теу қызметтерін цифрлық фор­матқа көшіру ынталандырды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp