Петропавлдың 47 жастағы тұрғыны өз үйінде асылып қалды. Ер адамның суицид жасағандығы туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде тараған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.
10 мамыр күні өз үйінде асылып тұрған 47 жастағы ер адамның денесі табылғандығы туралы хабарлама түсті. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Ал 14 мамыр күні 86 жастағы қала тұрғынының төртінші қабаттағы пәтерінің терезесінен секіріп кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған факті Қылмыстық кодекстің “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының аға инспекторы.