«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ынталы жастар ынтымақтастығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел бірлігін нығайтып, қоғам­да­ғы татулық пен тұтастықты сақ­тауды мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыз­ды құрылымдарының бірі – Ас­самблея жастары қоғамдық бір­лестігі. Ұйымның міндеті – жас­тардың бастамаларын дамыту, жастар арасында қоғамдық келі­сім мен ұлттық бірлікті нығайту, олардың әлеуметтік деңгейін көтеру. Осы бағытта ел өңірле­ріндегі облыстық ассамблея­лардың қабырғасында жастар ұйымы жұмыс істейді. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясын­да да “Ассамблея жастары” ұйы­мы құрылған. Қызылжарлық бел­сенді жастардың басын қосқан аталған ұйым бірнеше бағыт бойынша жұмыс істеп, кейінгі буынның бойында елге деген сүйіспеншілік сезімі мен азамат­тық белсенділігін қалыптастыру жолында жұмыс істеп келеді.

Тарихи-мәдени мұралары­мызды сақтап, жас ұрпаққа та­ри­хымызды таныту – біздің баса мән беріп отырған саламыз. Осы­ған де­йін “Мекенім – Қазақстан” жо­басы аясында өңірдегі тарихи орындарға экспедициялар ұйым­дас­тырылды. Оның қатысушыла­ры Айыртау ауданына барып, Ай­ғаным қонысында, Қара­сай және Ағынтай батырлар кесе­несінде және өзге де тарихи орындарда болды. Алдағы уа­қыт­­та біз мемлекеттік тілдің тұ­ғырын нығайту үшін тәрбие са­ғат­­тарын өткізуді жоспарлап отыр­мыз.

Жастарды экология мен қор­ша­ған ортаға қамқор болуға бау­лу үшін осы бағыттағы іс-шараларға да қатысып, бірқатарына өзіміз бастамашылық етіп келе­міз. Мысалы еріктілеріміз жыл сайын “Киелі табиғат” жалпы­ұлт­тық акциясына атсалысады. Ие­сіз қалған жануарлар тәлімба­ғына барып тұру дағдыға ай­налған.

Тәлімгерлік бағытында бірне­ше жылдан бері “Қоғамдық келі­сім” мекемесімен бірлесіп, бала­ларға арналған лагерь ұйымдас­тырылып келеді. 6 мен 12 жас ара­лығындағы мектеп оқушылары үшін мәдени танымдық бағдар­ла­ма өткізілді. Балалар түрлі эт­ностардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен танысады. Біз толеранттылықты насихаттау мәселелерін талқылау үшін қа­ламыздағы мектептерді жиі ара­лаймыз. Сонымен қатар Достық үйінде ақпараттық-танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, оның аясында облыстық ҚХА және құрылымдық бөлімшелер­дің қызметімен таныстыру жұ­мыс­тары жүргізілуде.

Ұйымдағы жастар медиа жо­ба­ларды құру туралы түрлі тре­нингтер мен шеберлік сабақта­рына қатысты, сонымен қатар өз­дері дебаттық турнирлер ұйым­дас­тырды, оған 150-ге тарта адам қатысты. Әскери-патриоттық тәрбие саласында әр жыл­дың мамыр айында әскери-спорт­тық ойын өткізу дәстүрге айналған.

“Жастар ассамблеясы” рес­публикалық жастар қозғалысы облыстық штабының белсен­ді­лері республикалық деңгейде ұйым­дас­тырылатын іс-шараларға: “Көшбасшы бол!”, “Қоғамдық ассамблея” жастар форумдары­на, “Этномәдениет” семинарла­ры­на тұрақты түрде қатысады. Жергілікті белсенділер “Қазақ­стан жастарын тәрбиелеудегі дәстүрлер”, “Жастар арасындағы мәдениетаралық диалог және қоғамдық келісім”, “Қазақ қоға­мын­дағы этносаралық қатынас­тың этнопсихологиялық негізде­рі” т.б. шараларға, форумдар мен кездесулерге куә болды. Аталған шаралардың аясында Алматы, Астана, Павлодар, Жезқазған, Көкшетау қалаларына барып, өзге өңірлердің жастарымен кездесіп, тәжірибе алмастық.

Ассамблея белсенді студент­тер арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығай­ту саласындағы мемлекеттік сая­сатты насихаттау және жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіп, оқу орындарымен өзара ынты­мақ­тастық жұмыстарын жандан­дырды. Сонымен қатар респуб­ликалық және жергілікті деңгей­дегі жастар іс-шаралары аясын­да ассамблеяның жастар ұйым­дары басқа да жастар ұйым­да­рымен тұрақты түрде өзара бір­лесе жұмыс істейді.

“Ассамблея жастары” респуб­ликалық қоғамдық бірлестігі 2021 жылғы ассамблеяның кеңейтіл­ген отырысынан кейін әділет ор­гандарында ресми тіркеліп, 2022 жылы үкіметтік емес ұйымдар­дың тізіміне қосылды. Бүгінде об­лысымызда ұйымның 60-қа жуық мүшесі бар. Көбі оқушылар, студенттер мен 35 жасқа дейінгі жастар.

Өңірдегі төтенше жағдай ке­зінде жұмыла әрекет еткен ас­самблея мүшелері, этномәдени қоғамдық бірлестіктер, “Ассам­блея жастары” қоғамдық бірлес­ті­гінің өкілдері қолдан келген кө­мектерін көрсетті. Мен Қазақстан халқы облыстық ас­самблеясын­да гуманитарлық кө­мекті қабыл­дау пункті жетекшісі­нің көмекші­сімін. Игі іске ұйым еріктілері де жұмыла қатысып, белсенділік та­нытты. Күні бүгінге дейін жаста­рымыз тұрғындарға көмек көрсе­тіп, апаттың салда­рын жою ша­ра­­ларына қатысып келеді. Аза­мат­тық белсенділігі үшін ұйым еріктісі Тамир Райымбековке об­лыс әкімінің Алғыс хаты табыс­талды.

Өз жұмысымда мен уақытпен бірге адымдай алатын, жаңа өзгерістерге дайын, жан-жақты дамуға ынталы қазақстандықтар­дың көп екенін байқадым. Қазақ жастары жаһандық үдерістерге ілесіп, түрлі салаларда тер төгу­де. Жастардың заманауи баста­ма­лары, өзекті бизнес-идеялары халықаралық инновациялық на­рықта алға озып келеді.

Бүгінде мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінің әр са­ласын қамтиды. Біздің ұйым жас­тары осы салалардың әрқай­сысы бойынша өздерін дамытып, еліміздің іргесін берік ету жо­лында тер төгіп келеді. Еліне адал қызмет ететін адал азамат тұлғасын қалыптастыруда осын­дай ұйымдардың берері мол.

Дариға СМАЙЫЛОВА,

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жастар қанатының төрайымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp