«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табиғат жанашырлары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық балалар мен жас­өс­пірімдер шығармашылығы ор­талығында жас өлкетанушылар, экологтар және натуралистердің облыстық форумы өтті. Шараға 3 ауданның және облыс орталы­ғының мектеп оқушылары қа­тыс­ты. Байқау “Жасыл ел”, “Эко­театр”, “Эко-Болашақ”, “Green oa­ses”, “Қызыл кітап”, “Құстар­дың үздік үйшігі” сияқты 6 ата­лым бойынша өтті. Форумның мақсаты – жастарды табиғатқа жанашыр болуға баулып, эколо­гиялық мәдениетті нығайту. Ша­раға қатысушы командалар фо­румға жыл бойы дайындалған.

Сафуан Шаймерденов атын­дағы қалалық классикалық гим­назияның оқушысы Азилия Иса­бай табиғатты қорғау бойынша науқандарға жиі қатысады екен.

– Бүгінге дейін “Таза Қазақ­стан” акциясына қатыстық. Фо­румға орай “Жас өркен” шағын­ау­данының, Оқушылар сарайы­ның, гимназияның макетін жаса­дық. Сонымен қатар құстарға арналған үйшік жасап әкелдік. Қолда бар заттардан жасалған үйшіктің экологияға зияны жоқ. Шарада біз өзіміздің табиғатты қорғау туралы тұсаукесеріміз бен экотеатрымызды көрсеттік, – дейді Азилия Исабай.

Бүгінде өңірдегі білім беру ұйымдарында экологиялық ба­ғыт­тағы үйірмелер мен түрлі ұйымдар жұмыс істейді. Сонда тә­лім алған табиғат жанашыр­лары форумда бас қосып, қор­шаған ортаны қорғау бо­йынша өз ұсыныстарын айтты.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp