«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.05.2024

“Абайдың інілері, қазақтың ірілері”

Ұлт әдебиетін ұшпаққа шығарған үш бәйтерегіміз Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің дүниеге келгеніне биыл 130 жыл. Олар жаңа замандағы қазақ әдебиетінің қалыптасуына үлес қосып, түрлі жанрлардың дамуы үшін аянбай еңбек етті. Қазақ прозасы, поэзиясы, әдебиеттануының ілгерілеуінде аталған үш тұлғаның алар орны зор. Бір жылы дүниеге келіп, бір жылы құрбан болған алыптарымыздың есімін ардақтау бізге …

“Абайдың інілері, қазақтың ірілері” Read More »

Тасқын судың пайдасы

Петропавл қаласының тұрғыны Тілеуберген Баязитов тасқын сумен күрестің өзіндік жолын ұсынып отыр. Оның әдісін қолдану арқылы көлден электр қуатын да алуға болады. Тілеуберген Баязитовтың ұсынып отырған әдісі – физикаға, соның ішінде гравитация заңына негізделген. Оны іске асыру үшін көп қаражаттың қажеті жоқ. “Тасқынның алдында, мәселен қала маңына бөгеттер салынғанымен су оның үстінен өтіп кетіп, қаншама …

Тасқын судың пайдасы Read More »

ҚАРТТЫҢ ДА ҚАРТЫ БАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай­дың Аты­­рауда өткен үшінші оты­ры­сын­­да: “Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйыс­қан ұлт еш­қашан ұтыл­майды, ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсі­ресе елге сөзі өтетін аға буын­ның орны бөлек”, – деді. Мемлекет басшысының осы пайымы биыл бірқатар өңірде болған алапат су тасқыны кезін­де белгілі журналист-жазушы, қо­ғам қайраткері, Солтүстік Қазақ­стан …

ҚАРТТЫҢ ДА ҚАРТЫ БАР Read More »

Жауапқа тартылған ата-аналар

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша 107 заңды өкіл жауапқа тартылды. Яғни, ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаған. “Денсаулыққа қауіп төнгендіктен қамқоршылық органдары 8 баланы отбасынан алып қойды, ата-ана құқықтарынан айыру және шектеу туралы …

Жауапқа тартылған ата-аналар Read More »

Мәжбүрлеу шараларының ықпалы зор

Заңды күшіне енген сот акті­лері, өкімдері, сондай-ақ соттар мен судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі талаптары, тапсырмалары, шақырулары, басқа да өтініштері  Қазақстан Республикасының бүкіл аума­ғын­да барлық жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар үшін орындалуға  міндетті. Осы талаптар орындалмаған жағ­дай­да сот процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Процестік мәжбүрлеу ша­ралары құқық бұзушылықтар­дың алдын алу, жолын кесу жә­не …

Мәжбүрлеу шараларының ықпалы зор Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Елімізге танымал “SEN­SITIVЕ” би ансамблі Францияда өткен халықаралық фести­вальден жеңіспен оралды. Жер­лестеріміз өнер бай­қауында “Соло” және заманауи хореография аталымы бойын­ша жеңімпаз атанды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ансамбль мүшелерін кезекті же­ңісімен құттықтап, оларды ар­найы грамоталармен марапат­тады. “Мұндай жетістіктерге қа­жырлы еңбектеріңіздің, талант­тарыңыздың арқасында жетіп отырсыздар. Астана қаласының тұрғындарына да өздеріңіздің алғашқы әлеуметтік жобала­рыңызды, спектакльдеріңізді ұсындыңыздар. Қайталанбас өнерлеріңізбен …

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ МАҚТАНЫШЫ Read More »

Диқандар дән себуге кірісті

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов теріскей диқандары көк­темгі егіс науқанына толық дайын екенін мәлімдеді. “Көктемгі дала жұмыстарын қар­жыландыруға 62 млрд. теңге, оның ішінде “Кең дала” бағдарламасы арқылы – 22 млрд., “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” АҚ – 14 млрд., “ҚазАгроҚаржы” АҚ 26 млрд. теңге қарастырған”, – деді Ғауез Торсанұлы. Үкімет басшысына сапалы ты­ңайтқыш өндіру және өнімділікті арттыру жайы …

Диқандар дән себуге кірісті Read More »

АҚҚАЙЫҢДАҒЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов Аққайың ауданына жа­саған жұмыс сапары кезінде өңі­ріміздегі үлгілі ауыл – Полтавка елді мекенінде болды. Жергі­лікті диқан Елтай Зікірин ауыл­ды көркейтуге бар күш-жігерін салуда. “Полтавское” серіктес­тігі өз қаржысына балабақша, фельдшерлік-акушерлік пункт пен жұмысшыларына арнап үйлер тұрғызған. “Ақбөпе” бала­бақ­шасы екі жыл бұрын салын­ған. Бүгінде мұнда 34 бала тә­лім-тәрбие алып жатыр. Бала­бақшаның жанында орта …

АҚҚАЙЫҢДАҒЫ ҮЛГІЛІ АУЫЛ Read More »