«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізге танымал “SEN­SITIVЕ” би ансамблі Францияда өткен халықаралық фести­вальден жеңіспен оралды. Жер­лестеріміз өнер бай­қауында “Соло” және заманауи хореография аталымы бойын­ша жеңімпаз атанды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ансамбль мүшелерін кезекті же­ңісімен құттықтап, оларды ар­найы грамоталармен марапат­тады.

“Мұндай жетістіктерге қа­жырлы еңбектеріңіздің, талант­тарыңыздың арқасында жетіп отырсыздар. Астана қаласының тұрғындарына да өздеріңіздің алғашқы әлеуметтік жобала­рыңызды, спектакльдеріңізді ұсындыңыздар. Қайталанбас өнерлеріңізбен көпті тәнті етіп жүрсіздер. Елімізде инклюзия­лық білімді дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Өздеріңіздің ерек­шеліктеріңізге қарамастан көп­теген жетістіктерге жеттіңіз­дер. Сіздер –  облыс мақтаны­шысыздар”, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Қазіргі уақытта би ансам­бліне 40-қа жуық есту қабілеті нашар биші мүше. “SENSITIVE” би ансамбілінің жетекшісі Ольга Роставщикова қолдау көрсеткен жандарға алғысын айтты. Осы қолдау мен көрсетілген сенімнің арқа­сында ансамбль құрылғаннан бері көптеген сайысқа қатысып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Әлі де биік белестерді ба­ғындырып, облыстың, еліміздің атынан халықаралық сайыс­тарда өнер көрсетуді жоспар­лап отырған ұжымның әр жеңісі – өңір тұрғындарына ортақ қуаныш.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp