«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Диқандар дән себуге кірісті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов теріскей диқандары көк­темгі егіс науқанына толық дайын екенін мәлімдеді. “Көктемгі дала жұмыстарын қар­жыландыруға 62 млрд. теңге, оның ішінде “Кең дала” бағдарламасы арқылы – 22 млрд., “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” АҚ – 14 млрд., “ҚазАгроҚаржы” АҚ 26 млрд. теңге қарастырған”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Үкімет басшысына сапалы ты­ңайтқыш өндіру және өнімділікті арттыру жайы да баяндалды. Биыл егіс­тік алқап­тарға 256 мың тонна минералдық қо­ректік зат сіңіру жоспарланған, бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 65,7 мың тоннаға артық. 

Бұдан бөлек, Үкіметтің ше­шімі­мен фермерлерге 84  млрд. теңге бөлінді. Оны қаржылық ұйымдар 2 және 5 пайыздық мөлшерлеме­мен кепілді несие ретінде береді. 

Облыста бүгінде ұйымшыл­дық­ты қажет ететін көктемгі да­ла жұмыстары жаппай баста­лып, ди­қан қауымы жауапты науқанға бі­лек сыбана кірісіп кетті. 4,5 млн. гек­тар алқапта ыл­ғал жабу аяқ­тал­ды. 246,2 мың тонна тыңайт­қышқа келісім­шарт жасалып, 204,6 мың тон­насы жеткізілді.

Агроқұрылымдар ауа райы­ның қолайлы сәтін тиімді пайда­ла­на отырып,  169,4  мың гектар жер­ге дән сіңіріп үлгерді. Су тас­қы­ны егіс науқанын жүргізуге еш­қандай әсерін тигізбейді. Техни­ка­лар толық әзір. Шаруашы­лықтар әр литрі 250 теңге бола­тын жанар-жағармай материал­дарымен қам­та­масыз етілді. Дизель отынына қажеттілік 57,6 мың тоннаны құрайды. Егін себу жұмыстарына түрлі үлгідегі 12,7 мың трактор, 14 мың дән сеп­кіш, 1,5 мың өнімділігі жоғары егіс кешені тартылған.

Барлығы 4,5 млн. гектар жер­ге ауыл шаруашылығы дақыл­дары, оның ішінде 3,4 млн. гек­тар дәнді, 751 мың гектар май­лы, 379 мың гектар жемшөп, 26  мың гектар картоп, 5 мың гектар көкөніс егу жоспарланған. Азық-түлік қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету үшін қарақұмық көлемі – 26 мың,  жасымық 133,9 гектарға дейін ұлғайтылды.

Наталья ХАРЛАМОВА,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp