Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша 107 заңды өкіл жауапқа тартылды. Яғни, ата-аналар немесе басқа да заңды өкілдер кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаған.
“Денсаулыққа қауіп төнгендіктен қамқоршылық органдары 8 баланы отбасынан алып қойды, ата-ана құқықтарынан айыру және шектеу туралы сотқа 7 талап-арыз берілді. Балалары қиын өмірлік жағдайға тап болған 30 отбасы анықталды. 9 отбасының материалдық жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Басқалары бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда”, – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.
Мысалы, Ғабит Мүсірепов атындағы және Тайынша ауданында аз қамтылған үш отбасына киім-кешек түрінде материалдық көмек көрсетілді. Мағжан Жұмабаев пен Есіл ауданында үш отбасы отынмен қамтамасыз етілді, жылу жүйесі жөнделіп, тағы да басқа көмек берілді.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.