КӨПСАЙЫСҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ
Спорттың бірнеше түрін біріктірген ерекше жарыс түрі – көпсайыс. Жүгіру мен жүзу спортшының жылдамдығын арттырса, граната лақтыру мен нысана көздеу дәлдікті шыңдайтыны белгілі. Жеке спорт ретінде әрқайсысы бөлек, тіпті кейбірі олимпиадалық бағдарламаға енгізілген. Десе де, соңғы жылдары олар біртұтас спорт ретінде қарастырылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда. Көпсайыстан облыстық команда да жасақталған. Бірнеше спорттың басын қосқан көпсайыс …